СәдібекТүгел. Ауыл – қазақтың жерінің қорғаушысы, сақтаушысы әрі қорғаны!

63

Өзіңіз де ауылда тұрасыз. Жалпы, «Ауыл – қаланың жүрегі» дегенді жиі айтамыз. Тіпті, «Ауыл – Ел бесігі» деген бағдарламаны қолға алғанымызға да біраз болды. Қазіргі ауыл тұрмысы жайлы не айтасыз?

– Ауыл – қазақтың алтын бесігі. Бүгінгідей өркениетке біз ауыл арқылы қол жеткіздік десек артық айтқандық болмайды. Ауылда туып, ауылда өстік. Өйткені ауыл-ананың аялы алақанынан талай ұлы ғалымдар, ақындар мен жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, министрлер, әкімдер түлеп ұшты. Бір сөзбен айтқанда, ауыл – қазақтың жаны. Ауылға біз қарыздармыз.

Алайда, сол ауылдарымыз барған сайын тозып, жұмыссыздық, маскүнемдік, ұрлық белең алмауы үшін және ауылымызды түбегейлі түлету үшін жаңа құрылым құру қажет деп есептейміз. Оның аты – «ЖАҢА АУЫЛ ӨНДІРІСІ» болуы керек.

«Ұлы Дала Қырандары» қозғалысы «Жаңа ауыл өндірісі» бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі мақсаттарын ұсынды. Олар: ауылды сақтап қалу; ауылдағы жұмыссыздықты болдырмау, ауыл өркениетін қалыптастыру; ауылда жастарды тұрақтандыру. Ол үшін – ауыл шаруашылығына пайызсыз несие беру және жер ешкімге сатылмайды, шетелдіктерге жалға берілмейді!

– Ауылдағы жұмыссыздық жайлы айтып қалдыңыз, осыны тарқата кетсеңіз.

– Бұл да біздің «Ұлы дала қырандарының» көптен бері айналысып келе жатқан өзекті мәселелерінің бірі. Бұл проблема елді алаңдатып отыр. Жұмыссыздық, соның ішінде жастар жұмыссыздығы қай елдің болмасын өзекті, шешімін табуды қажет ететін мәселесі. Біздің елдің де басты мәселесі.

Қазақстандағы жастар арасындағы жұмыссыздық елдегі жалпы жұмыссыздық деңгейі бойынша жоғары көрсеткіште болып отыр. Экономикалық өсім құлдырағанда, жастар дағдарыстың әсерін алғашқылардың бірі болып сезеді. Сонымен бірге, экономикалық қиын кезеңдерде жалпы жұртшылыққа қарағанда әсіресе жастардың жұмысқа орналасуы оңайға соқпайды. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі жалпы жұмыссыздық деңгейінің жартысына жуығын құрап отырғандығы жанға батады.

– Жақында ғана Қазақстан халқы 19 млн болды деген қауесет тарап барып басылды. Ал мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға көмек беріле бастады. Бұл тұрғыда не айтасыз

– Ауылда тұрғаныңызға көп болды ма?

– Биыл сегіз жыл болды. Ауыл өмірі ұнайды. Өйткені ауыл – қазақтың жаны! Ауыл – қазақтың берекесі! Ауыл – қасиетті де киелі қазақтың жерінің қорғаушысы, сақтаушысы, қорғаны!

Біріншіден, Қазақстан өркениетті, қуатты мемлекет боламын десе, ауылға деген көзқарасты 180 градусқа ауыстырғаны дұрыс болады. Неге дейсіз ғой, біз осы күнге дейін ауылға ет, сүт, май, қаймақ, ірімшік, қазы-қарта, жеміс-жидек шығаратын орын ретінде, қарын позициясынан қараймыз. Ол дұрыс емес. Жоғарыда айтқанымыздай ауыл – қазақтың жерінің қорғаушысы, сақтаушысы әрі қорғаны!

1984 жылы бізде 12 714 ауыл болды. Қазір оптимизациядан кейін қалғаны – 6612 ғана. Екі есеге кеміп отыр. Бұл дегеніңіз – жерді жалаңаштау. Ал атам қазақ айтады: «Жалаңаш жер жау шақырады».

Сондықтан, айтарым, ауылды қайтадан қалпына келтіріп, жандандырып, түбегейлі көтеру керек. Ауыл реформасын жүргізу қажет! Жабылып қалған, колхоз, совхоздарды қайта құру керек. Жаңа ауыл өндірісін құру арқылы, жаңа жұмыс орындарын ашып, ауылда жұмыссыздықты жою керек. Сонда жастар қаладан ауылға қайта оралады. Ауылға жан бітеді. Мектептер, медпунктер, кітапханалар, клубтар, дүкендер мен басқа да инфрақұрылымдар ашылады. Жол салынып, автобустар қатынайтын болады.

Барлық шекаралық аймақтардағы аудандар мен ауылдарды қайта ашу керек. Бұл заман талабы. Қуанса ауыл – қуанамыз бәріміз!

Материал қоғам қайраткері С.Түгелдің

«Бақ.kz» порталына берген сұхбатынан ықшамдалып берілген.

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз