Әкімдерге «ручной» депуттардың болғаны керек…

257

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов қазіргі қазақ қоғамында талқыланып жатқан «Ауыл әкімдерін қалай сайлау керек?» деген тақырыпта жақсы ой айтты.

Мысалы, ол тәуелсіз ауыл әкімінің аудан немесе облыс әкімдерімен келіспеушілігі болуы мүмкін екенін жасырмайды. Мәжілісмэннің:

-Осы мәселені шешу керек. Ел сайлаған әкімді ешқандай әкім жұмыстан шығарып тастай алмайды. Әділ сайлаумен мықты азаматтарды таңдасақ, сапалы ұлт болуға қол жеткізе бастаймыз. Әкімдікке ауылды тек қызметте аттап өтетін баспалдақ ретінде пайдаланатын адамдар келмеуі керек. Халқымыздың жартысы ауылда тұрады. Ауылдардың ерекшелігін ескере отырып, азаматтарды әділ сайлауымыз керек, – деген ойы көңілге әбден қонады.

Ал, орыстілді саясаттанушы Данияр Әшімбаев «Время» апталығына (23.09.2020 ж.) берген сұхбатында:

-Сіз қандай әкімдерді сайлау керек деп санайсыз? Ол сайлау қалай жүруі керек? Кандидаттарға қандай өлшем қолданылуы тиіс?-деген сауалға былайша жауап қайтарыпты:

-Бізде эксперименттік мақсатта болсын, мұндай сайлау 2001 жылға дейін бірер рет өткізілген. Сондықтан тәжірибе бар. Бірақ бұл модельді сәтімен іске асырайық десек, ең алдымен атқарушы биліктің ішінде өз өкілеттіктерін қайта бөлу мәселесін төтесінен қою қажет. Ал аудан әкімдерін сайлауды тек осы ауыл әкімдерін сайлау науқаны қандай жеміс береді, соны байқап барып, содан соң ғана өткізген жөн.

Сосын бізде мәслихаттарымыз бар ғой. Олар жергілікті орган проблемасын шешуде өз міндетін жалтақтамай атқаруы тиіс. Бірақ, жасыратын ештеңе жоқ, әкімияттарымыз жергілікті мәслихаттарды өз ыңғайына жығып алады. Сондықтан әкімдердің мәслихат сайлауына араласуына үзілді-кесілді тыйым салынуы керек.

Міне, қазір Nur Otan праймериз өткізуде. Әкімдіктер осы үдеріске де белсене араласып жатыр. Өйткені, оларға «ручной» депуттардың болғаны жақсы. Үлкенді-кішілі мәслихаттардың карантин кезінде «мәу» деп бас көтеріп қимылдамағанын көзіміз көрді. Олардың әрбіреуінің маңдайына «Коррупция және пайдасыз жұмыс» деп баттитып жазып қоюға болады. Ал мәслихаттар үндемей қалған кезде, жинақталған проблема шешілмей, қайта еселене түседі.

-Ашығын айтқанда, сол эксперименттік сайлаулар «фиктивный» болғанын жоққа шығармассыз. 2021 жылы осы жайдың қайталанбасына кім кепіл?

-90-шы жылдардың аяғы мен 2000-ші жылдардың басында саяси жағдай өткір болып тұрды, оппозициялық құрылым-топтардың белсенділігі де басым еді. Сондықтан мемлекет барлығын өз бақылауымызда ұстау қиын болып кетер деп, әкімдердің сайлануын тоқтатып тастады. 2004-2006 жылдары әкім сайлауы мәслихаттар деңгейінде ұйымдастырылып, әкімшілікке де, әкімдіктерге де бұнымен айналысу қиынға түсті де, бұл экспериментті де тоқтатты.

Енді тағы қозғап жатырмыз. Бұндай реформа өз тиімділігін көрсетсе, оны жүйелі түрде,

қатаң бақылау жасай отырып өткізуіміз керек.

«Жерұйық»-ақпарат».

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз