Түркістан Семей мешітін абаттандырып берді

978

Бұл Түркістан облысының Абай мерейтойына жасаған тартуы. Мердігер – «Mega road» ЖШС. Түркістан абаттандыруға 681 млн.теңге бөлді. Мұнда жұмыстар маусым айының басында басталып, бүгінгі күні аяқталуға жақын.

–Мұнда 18 мың ш.м. асфальт, 8 мың ш. м. төсемтас, 200 шам, трансформатор орнатылды. Сонымен бірге мұнда енді 800 ш.м. балалар және спорт алаңдары бар, бүгінде жұмыс 90%аяқталды. Кейбір жерлерде төсемтас төсеу, жедел жәрдемге арналған пандус және мүгедектерге арналған электр пандус орнату қалды. Оған қоса мұнда 500 көлікке арналған тұрақ болады. 300 шырша отырғызылды, тағы 100 шырша отырғызу қалды. Жалпы, жұмыс аяқталды деп айтуға болады, – деді учаске бастығы Ержан Жәңгірханов.

8 қазанда комиссия Түркістаннан келіп, атқарылған жұмыстармен танысып, нысанды қабылдайды деп күтілуде. Тапсыру мерзімі 15 қазанға жоспарланған.

«Жерұйық»-ақпарат.

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз