…Бала күннен ырымшылмын.Əлі есімде, шамасы 5-6 жасымда сол жақ көзім қышып болмағасын, уқалап-уқалап, аһілеп-уһілеп үйдегілердің мазасын алғаным бар. Бар айтатындары: «бір жылайсың!»- болды. Түс болды, түк болған жоқ. Түн болды, түк те болған жоқ. Содан алақайға басып, апамның көзілдірігін басып кетіппін… Мен бір жылап, апам күнде «жылап», жарықтық көзəйнексіз көзі жасаурай беруші еді. Осыдан кейін ырымға имандай сенетін болғам. Қалай сенбейін, бірде (бірде емес-ау бірнеше рет) тілге теріскен шыққанда:»тіліме теріскен шықты» дегізіп барып, анаусының арты, мынаусының арты, қысқасы бірсыпыра аң-құстың «артын тазалатып» болғасын (үлкендер жағы жақсы біледі оны) тілде теріскен де тұрмайтын. Соған кəдімгідей сендік қой. Қалай сенбейсің ? Табаның қышыса- жүгіресің дейт. Бала емеспіз бе, жүгіретінбіз. Оң алақаның қышыса -амандасасың дейт, əйтеуір біреу-міреу келетін. Сол алақаның қышыса -ақша ұстайсың. Во, дəл маған айтылғандай. Əлі күнге ( басқасын қайтейін) сол жақ алақаным қышып көрмепті. Содан ба, мен байғұс ақша ұстап та көрмеппін. Қалай сенбейін, мұрным қышыса болды масайтатын бəле кезіге кетет. Тіпті кезікпей қойған күнде өзім барып жолығам. Бұл менің ырымға деген үлкен құрметпен қарауымнан болар?! Мейлі, менің айтайын дегенім басқа ырым жайында. Өткенде кішкене ұл кішкене ұшынып қап, өзімше ұшықтап көріп ем, болмады. Көріпкелге көрсеттік, емшіге де сүйредік, ем қомбады. Бармаған бақсы, баспаған балгер қалмады. Бірде, бір білгіш: «балаңа қатты көз тиген, оның бірден-бір емі кəдімгі дамбал» — демесі бар ма. Көзденген баланың бет-аузын əкесінің «бұт киімімен» сүртіп-сүртіп тастаса құлан-таза жазылады екен. Айтуынша əлгі əдісті өзі өмірбақи қолданып та келеді екен. «Тфə-тфə, балдар тіл көзден аман, если чо тұрси не жалкы»- деп қоят тағы. Қалай сенбейсің?!. Үйге келе сап «сеанс» жүргіздім. Өзгеріс болмағасын, тағы бір ішкиімім «істі» болды. Бірақ, бала сол баяғыдай. Көз кіртиген, шаш үрпиген. Үшіншім кетті, үміт жоқ. Жалғыз ұлдан жаман шүберек жалкы боп па, мейлі жалаңбұт-ақ қалайын деп соңғымды сыпырғалы жатқанымда, жолың болғыр дəрігері келе ғап денсаулығы дүзеліп кеткені! Дүзелгені дұрыс болды, бірақ көңілімде бір дық қалды. Ырым қырын кетті ме, əлде шешесі сыр бермей жүр ме?.. Əйтеуір əлгі ұлдың » əдірісі» жұмбақ болат та тұрат.?. Атаңа нəлет, кімнің қай жері қышып жүр екен ?!
Басты бет МҰҚАБА