ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында қазақстандықтарға біржолғы ақшалай төлем берілетіні жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Негізі бұл ақпарат WhatsApp мессенджері арқылы таратылған болатын.
«ҚР Парламентінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында 2016 жылғы 1 қарашадан бастап әрбір азаматқа 25 000 теңге төлем берілетіні туралы заң жобасын бекіткені туралы веб-сайттар мен интернет-порталдардағы, сонымен бірге, WhatsApp мессенджері арқылы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Естеріңізге сала кетейік, ҚР ДСӘДМ қызметіне қатысты барлық шынайы ақпарат министрліктің www.mzsr.gov.kz ресми сайтында жарияланады», – деп хабарлады министрік өкілдері.
Teddy Bridgewater Authentic Jersey