Дархан Қалетаев сенат депутаты болып тағайындалды

377

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қалетаевты сенатор етіп тағайындау туралы президент жарлығында сенат депутаты Владимир Бобровтың өкілеттігі тоқтатылғаны айтылады.

Бұл туралы «Абай» ақпарат ауыз толтыра айтты:

Кезінде қызметтік өсу жолында біраз уақыт қоғам назарында болған кезеңнен кейін «Самұрық қазына» ҰӘҚ да басқарушы директор болып тағайындалып, жеті жылдай жұмыс істеген Дархан Калетаев Президент жарлығымен сенатор болып тағайындалды.

Адам адамды әдетте өзіне қатынасы тұрғысынан бағалайды. Ал, ел назарында жүрген адам болса, ол адамға қатынас күрделеніп, көп жағдай жалпы долбарға иек артып, сырттан тон піше пікір айту жол алады. Калетаевтың да сыртынан тон пішіп, бал ашқандар көп болды… Тіпті өзі шашқан құмалақты өз ойына, өз бойына шақтап өзіне ыңғайлы бағытта сөйлеткендер де болды. Бола да беретін шығар. Бірақ, сырттай бақылаған адам мұның бәрі Калетаевты сындыра алған жоқ. Керісінше, оны шыңдап, алған бағытының айқындығын бекемдей түсті. Неге десеңіз, Дархан Аманұлы табиғатынан жел сөзге бола түтілмейтін, мүжілмейтін азамат. Себебі, Калетаев  –  әр нәрсенің шығу жолын қарастыратын, «айттым, бітті! Істе!» деп бұйрық беруге емес, талқылап, ақылдасып, ойласып шешуге бейілді адам. Мұны көктен алып, жерден қазып, ойдан қиыстырып отырған жоқпыз. Былтыры vlast.kz интернет журналына көлемді әрі ашық сұхбат бергенде Дархан Аманұлы өзі де сөз арасында айтқан. Әрі жалпы сұхбаттың мазмұнынан біз айтқан адами қасиеттерді байқауға болады.

Адами қасиет демекші, осы бір нәрсе қазір біздің қоғамда азайып барады деп дабыл қағып жатамыз. Мәселе билікте жүрген адам туралы болғанда тіптен қара аспанды төндіреміз. Неге десең, жалпылама жауап аласың. Мәселен, ауру, мүгедек балаларға үнемі көмектесіп, ем-домға қаражат жинап, талай бүлдіршінді аурудан арашалаған Аружан Сайынды жұрт жақсы біледі. Енді бұл жерге Калетаевтың қандай қатысы бар дерсіз. «Самұрық Қазынаға» балалары ауыр сырқатқа шалдыққан ата-аналардан көптеп хаттар келеді екен. Көмек сұраған жандардың мәселесін қарастыру үшін комиссия жұмыс істеп, оны Калетаев басқарады. Содан бір балаға көмектесейік десе, екінші баланың да жағдайы мүшкіл. Бәріне көмектесу азаматтық міндет! Не істеу керек? Содан Дархан Аманұлы Аружан Сайынмен кездесіп, мәселені талқылап, емделуге зәру балаларға Аружанның қайырымдылық қоры арқылы көмектесуді қолға алады. Осылайша, ел сеніміне кірген қайырымдылық қор арқылы талай бүлдіршін сырқатын айығып, қаншама отбасына шаттық орнады. Міне, бұл сөздің басында айтқан адами қасиет деген сөзімізге нақты мысал. Қолындағы мүмкіндігін пайдаланып, қол ұшын созу екінің бірінің қолынан келмей тұрған заманда ішің жылитын дүние. Ол аз десеңіз, осы жағдайдан соң, ата-аналардан үш жүзге тарта алғыс айтқан хаттар келген. Калетаевқа осы хаттарды жариялап, жақсы ат жасап қалуға кеңес бергендер де болған екен. Бірақ, Дархан Аманұлы саналы түрде бас тартқан. vlast.kz интернет журналына берген сұхбатында бұл таза адамгершілік мәселесі екенін, мұндай нәрседен жақсы атқа жарнама жасауға арым бармады деп өзі де ағынан жарылған. Ал, Сіз бәрін қара түсте ғана көргіңіз келеді… Айта берсек, Калетаевтың жеті жылда жұртқа жария етпей-ақ атқарған шаруасы жетерлік.

Тілге тиек етіп отырған әлгі сұхбатта Калетаев өзін көлеңкеде қалдым деп есептемейтінін керісінше, «Самұрық қазынадағы» жеті жылда экономика мен әлеуметтік салада, спорттың кейбір түрлерінің салалық мәселелерін ішінен танып, көп нәрсе үйренгенін, үлкен мектеп болғанын айтқан. Енді міне, ол тағы бір белеске шықты – сенатор болды. Бұл белесте де Дархан Аманұлы өзінің болмысынан танбай, ұстанған бағытын ұштап, жемісті жұмыс істейтініне сенім бар.

Біз таңды қанша күткенімізбен, ол бәрібір уақыты келгенде ғана атады. Сол сияқты біздің қоғам, жүйе қалай болғанда да жаңаруға бет алды. Сол жаңарудың бір нүктесі қырықтың қырқасына енді шығып, толысқан шағында Сенат құрамына кіріп отырған Дархан Калетаев.


Дархан Аманұлы 1974 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында өмірге келген. Тарих мамандығы бойынша Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін 1994 жылы бтірген ол, 1996-1997 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін бітірді әрі сол жылдары бірден жоғары билік сатысында қызмет атқарды. 1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасының ұлттық саясат жөнінде мемлекеттік комитеттің бас маманы, жетекші маман болып қызмет атқарды. Ол, небәрі 30 жасында Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Жастар ісі жөнінде департаментінің басшысы болып жұмыс істеді. 2002-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Ішкі саясат секторының меңгерушісі, Бөлім басшысы болды. 2007 жылы Президент Әкімшілігі жетекшісі орынбасары болған Қалетаев атқарушы билік партиясында да, 2008 жылдан кейін бір жылдан астам басшы болып қызмет атқарды. Ол кезде бас партия «Нұр отан» халыққа жақын партия болып көрінді. Тіпті кейбір партия Нұротанмен бірігіп, биліктің саяси қуаты күшейді. Ол, Сенат депутаты болып сайланғанына дейін тұп-тура 7 жыл «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры қызметін атқарды. Chase Daniel Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз