Аялдамада көлік тосып тұрған әйелдің жүзі жабырқау көрінді. Қоңыр күзде киген пальтосы да қоп-қоңыр. Маңдайына түскен қатпар-қатпар әжімін, мұң торлаған жүзін көріп, көңілін аулағым келіп кетті.
Қасына жақын барып бетіне қарап, сәл-пәл кідірдім. Ол да қоңыр көзі жыпылықтап жүзін маған бұрды.
-Қандай әдемісіз! -дедім салған жерден, даусымды барынша жұмсартып. Ол пальтосының жағасынан басын шығарып: » Маған айттыңыз ба?» – деді. «Иә» дедім мен. Ол сенімсіз жымиғандай болды. «Рас айтам! Қандай тональный крем қолданасыз? Бетіңіз нұрланып тұр» деп едім: – Тональный жақпаймын. Арзан кремдер ғой,- деді ол жай ғана. – Қай фирманікі?- дедім таңырқағандай болып. -Детский крем «Буратина» деді тағы сыбырлап. – Күшті екен! Бетіңіз жылтырап тұр! Мен де енді «Буратино» кремін қолданбасам,- дедім де жанымызға келіп тоқтаған автобусқа мініп кеттім. Терезеден әлгі әйелге қарадым. Басын қоңыр пальтосынан шығарып, ішінен таққан алқызыл шарфын сыртына орап жатқанын көріп, айналам алқызыл гүлге оранғандай күй кештім…
Tramon Williams Womens Jersey
Басты бет МҰҚАБА