Мәдениет министрлігі «QAZAQSTAN» сөзінің дұрыстығын мәлімдеді

290

157179_image_large

 ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ағылшын тілінде QAZAQSTAN еліміздің ұлттық негізін дұрыс көрсетеді» деген ұсынысына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тілдерді дамыту комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мелдешев өз пікірін білдірді.

«Қазақ тіліндегі дыбыстардың ұлттық жүйесінде «Қ» деген әмбебап дыбыс бар. Оның латын тіліндегі транскрипциясы – «Q». Өткен ғасырдың 30-40 жылдары бізде латын әліпбиі болды. Сол кезде «Q» әрпін қолданды. Осы орайда Аxмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының қызметкері, филология ғылымдарының докторы Әлімxан Жүнісбектің бір сөзін келтіргім келіп отыр. Оның айтуынша, «Қ» дыбысының артикуляциялық және перфективті ерекшеліктеріне аса абай болу керек. Одан айырылып қалсақ, түрік тілінің орфографиясы ұшыраған жағдайға тап боламыз. Ондайда қазақ тілінің сингармонизм заңдары бұзылады. Ал ағылшын тіліндегі «К» әрпі индо-еуропалық тілдерге тән. Оның жіңішкелігі «Қ» әрпін ешқашан алмастыра алмайды. Сондықтан ол әріпті сақтап қалу үшін «Q» әрпін қолданған дұрыс. Қазақтың бұрынғы алфавитінде «Қ»-ны  «Q» – деп белгілеген», – деді Ғ.Мелдешев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында. Оның айтуынша, қазіргі компьютер пернетақтасында «Q» әрпінің болғаны орынды. Себебі бұл Қазақстанның атауын жазуға ғана емес, қазақ тіліндегі көптеген сөздердің сингармониялық тембрін сақтау үшін аса қажет.

дерек көзі: ҚазАқпарат

 David Sharpe Authentic Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз