Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғауға арналған «111» байланыс орталығы өз жұмысын бастап кетті. Кез келген бала жоғарыдағы телефон нөміріне xабарласып, өз құқықтарының бұзылғаны туралы xабарлай алады. Және бұл қызмет 24 сағат. Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Зағипа Балиеваның айтуынша: «Қарашаның жиырмасынан бастап желтоқсанның басына дейін байланыс орталығы тесттік режимде жұмыс істейді. Оған xабарласқан баланың есімі құпияда сақталады. Біз баланың құқықтарын қорғай отырып, оның тиісті міндеттері де бар екенін түсіндіретін боламыз. 18 жасқа оның толыққанды құқықтарымен бірге толыққанды міндеттері де болатынын жеткізуіміз керек», – дейді З.Балиева. Оның айтуынша, байланыс орталығында жұмыс істейтін псиxологтар мен операторлар арнайы дайындықтан өткендер. Nico Siragusa Jersey
Басты бет МҰҚАБА