Көкшетау қаласының кiндiктi тұсында ұзындығы мен салтанаты келiскен Капцевич атындағы көше бар. Сонда көкшетаулықтардың көкке көтерiп көшенiң атын берiп, төбелерiне көтерiп, әспеттеп отырған Капцевичiң кiм?
Әңгiмемiздi әрiден бастамай – ақ берiден Александр Иванович Герценнiң данқты еңбегi “Былое и думы” (“Өткендер мен ойлар”) кiтабының беттерiне үңiлсек патша ағзамнан Батыс Сiбiр өлкесiн билеп-төстеуге жiберген генерал-губернаторлары жайындағы жазбаларына көңiл көзiн қадауға тура келедi. Бiз де сөйттiк.
А.И.Герценнiң Мәскеудiң “Правда” баспасынан 1988 жылы жарық көрген төрт томдық еңбегiнiң бiрiншi томының ХV тарауындағы (247 – 252 беттерi) көтерiлген мәселелер сөз еткелi отырған генерал-губернаторлардың обырлық, озбырлық, қанқұйлы қысастықтарын барынша батыл да ашық әшкерелейдi. Бiз бұл арада сөзiмiз еш бұлдыр, бұлтақсыз шығуы үшiн А.И.Герценнiң түпнұсқасын (әрине, орыс тiлiнде) сол қалпында сақтай отырып берудi жөн санаймыз.
“Один из самых печальных результатов петровского переворота – это развитие чиновнического сословия. Класс искусственный, необразованный, голодный, не умеющий ничего делать, кроме “служения”, ничего не знающий, кроме канцелярских форм, он составляет какое-то гражданское духовенство, священнодействующее в судах и полициях и сосущее кровь народа тысячами ртов, жадных и нечистых».
Мiне, сол кездегi патшалы Ресей қоғамының шынайы сипаты осындай едi. Билiк әмiрiн бұлжытпай орындаудан басқаға ақыл-дәрменi жетпейтiн құлдық мiнездегi қаратобыр халықтың мойнына мiнген қасiрет, сүлiктей қанын сорып, бордай семiрген арамзалар едi.
А.Н.Герцен Ресейдi жайлап алған жемқорлық пен жалпақшешейлiк, екiжүздiлiк пен жағымпаздықтың бетпердесiн сыпырған ұлы Гогольдiң талантты шығармаларын айналып өтпейдi. “Гоголь приподнял одну сторону занавеси и показал на русское чиновничество во всем безобразии его; но Гоголь не вольно примеряет смехом, его огромный комический талант берет верх над негодованием”, – деп ескертедi. Сөйтедi де ұлы қаламгердiң бақылауы күштi кезеңде сорлы орыс халқының тағдырына тереңiрек барып, батыл әшкерелеуге әдiсi жетпейтiндiгiн де орынды еске салады.
Мiне, осындай халық үстiнен күн көрген шенеуiктерiнiң шектен шыққан терiс азу әрекеттерi патша ағзам төңiрегiнен мойны қашық Сiбiр өлкесiнде барынша дәуiрлеп кеткендiгiн ашына жазады. Соның iшiнде Пестель (Николай патшаның декабрист ретiнде дарға тартқан Павел Иванович Пестельдiң әкесi), Капцевич тәрiздi тойымсыз, тоғышар, жауыздықтарымен соңдарында қанды iздерi қалған генерал-губернаторларды ерекше бөлiп алып, әшкере етедi. Олардың қарамағындағы халықты аяусыз басып жаншуы, қан қақсатып қанауы ешқандай заңға сыймайтындығын нақтылы iс әрекеттерi үстiнде бейнелейдi.
“Пестель завел открытый, систематический грабеж во всем крае, отрезанном его лазутчиками от России. Ни одно письмо не преходило границы нераспечатонное и горе человеку, который осмелился бы написать что – нибудь о его управлении. Он купцов первой гильдии держал по году в тюрьме, в цепях, он их пытал”.
Мiне, Батыс Сiбiр өлкесiнiң генерал-губернаторының жауыздық әрекеттерiн осылайша әшкерелейдi.
Халықтың ашу-ызасы кемерiнен асып төгiлгенiмен, жауыз Пестель жұртты өз қанына өзiн тұншықтырып, аса қаталдықпен жазалайды. Тоболдың бiр мещанинi жасырын түрде Қияқты арқылы керуенге iлесiп Петербургке жетiп, Александр патшаға шағымхатын табыстайды. Патша хатпен танысып, қатты ренжидi.
– Үйiңе жүре бер. Бiз мұны тексеретiн боламыз – дейдi патша.
Мұжық:
– Жоғары мәртебелiм, мен ендi үйге бара алмаймын. Барсам менi өлiм күтiп тұр, – дейдi. Одан да менi осы араға қамауға алыңыз.
Мiне, сол қатыгез Пестельдiң iсi сенатта қаралып, бар-жоғы қызметiнен алынады. Ал оның орнына көкшетаулықтардың күнi бүгiнге дейiн көшеге атын берiп, әспеттеп отырған Капцевич келедi.
А.И.Герцен бұл шенеунiк туралы былай деп жазады: “После Пестеля явился в Тобольск Капцевич, из школы Арапчеева. Худой, желчевой, тиран, по натуре, тиран потому, что всю жизнь служил в военной службе, беспокойный исполнитель – он проводил все во фрунт и строй, обьявляя мамсимум на цены, а обыкновенные дела оставлял в руках разбойников.
В 1824 году государь хотел посетить Тобольск. По Пермской губернии идет превосходная широкая дорога, давно наезжанная и которой, вероятно, способствовала почва. Капцевич сделал такую же до Тобольска в несколько месяцев. Весной, в распутицу и стужу, он заставил тысячи работников делать дорогу; их сгоняли по раскладке из ближних и дальних поселении; открылись болезни, половина рабочих перемерла, но “усердие все превозмогает” – дорога была сделана.
Капцевич мырза да бiрiн-бiрi ауыстырып, алмасып жатқан жоғары мәртебелi шенеуiктерден, яғни генерал-губернаторлардан озбырлығы артып түспесе, еш кемге соқпаған. Сайып келгенде бiрде-бiр орыс генерал-губернаторлардың тап бiз – Тәуелсiз Қазақстан жұрты үшiн әспеттейтiн еш қылығы жоқ қой. Оны бүгiнгi шовинистiк пиғылдағы iшмерездер болмаса көзi ашық, iзгiлiк пен мейiрiмдiлiктен алыс емес кез келген орыс ағайын бiлмекке тиiс.
Ал патшалы Ресейдiң генерал – губернаторларының есiмдерi сол Ресейдiң қай қаласының көшесiне берiлдi екен? Менiңше, жоқ-ау, сiрә. Ендеше, бiздiкi қай сорлылық?!
Ертеректе Көкшетау қаласында шығып тұратын бiр орыстiлдi басылым адмирал Колчакты аспандата мақтаған ұзын-сонар деректi дүниесiн жариялады. Ал адмиралдың солдаттарының терiскей қазақ жерiнiң жергiлiктi жұртын қынадай қырып, барын тонап, қызын зорлап масқара еткенi, заң-зиянсыз бiр дүйiм отбасын, тұтас ауылдарды жермен-жексен еткендiгiн бiз тарихтан бiлетiн едiк қой. Колчак өткенгi, бүгiнгi Ресей тарихы үшiн тұлға, керек адамы шығар. Ал оның бұзықтығы мен озбырлығын Тәуелсiз Қазақстан жұртынан қалай жасыруға болады?
Идеологиялық пәрмендiлiгiмiздiң әлсiздiгiнен осындай орашолақтықтар мен басбұзарлыққа жол берiп қалатынымыз шындық қой.
Таяуда қаламыздағы ономастикалық комиссияның мүшесi ретiнде бiр отырысында болып, қатты ренжiп қайттым. Онда да Ы.Алтынсарин есiмiн Капцевичтiң орнына берейiк деген ұсынысымыз жерде қалды. Қалалық мәслихаттағылар өре тұра келiп, облыс басшысы бұл ұсынысқа қарсы деп қасарысып отырып алды. Сонда билiктегiлер А.И. Герценнiң даңқты “Былые и думы” еңбегiмен таныс болмай шықты ғой.
Бiз танысын, оқысын, бәлкiм, Капцевичке деген көзқарасын өзгертер деген оймен зарлана, қорлана отырып осы мақаланы жазуға мәжбүр болдық.
Ендiгiсiн тиiстi орындар мен лауазымды тұлғалардан күтемiз.
Қазақстан Жазушылар одағы Ақмола облыстық
филиалының төрағасы