Алматы облысында қар құрсауында қалған 113 адам құтқарылды, – деп хабарлайды КТК арнасы.
Ақтүтек боранға қарамай жолға шыққандар Сарыөзек-Көктал тас жолында арлы-берлі жүре алмай қалып қойған.
Алтынемел асуының екі жағынан полиция бекеті қойылып, жұртқа СМС хабарлама жіберілгеніне қарамастан тәуекелге бел буғандар күртік қарға кептеліп түнгі 12-де көмек сұрай бастаған. Құтқарушылар жолда қалғандарға тек 5 сағаттан кейін ғана жетіп, қосымша көмек күшін шақыртыпты. Осылайша, 113 адам құтқарылған. Қазіргі уақытта тас жол тазартылып жатыр. J’Mon Moore Authentic Jersey