Өңірлік ОКҚ брифингінде ҚР Ұлттық банкінің облыстық бөлімшесінің басшысы Жомарт Қажрахимов 1993 жылы СҚО-дағы ақша айырбасының қалай өткені жайлы айтты.
Ол ақша айырбасы тарапынан атқарылған жұмыстар барысын айта келе: «Облыстың айналымынан 16 мың бума болатын 1961-1962 жылғы рубльдік банкноттардың 32,5 млрд рублі тәркіленді. Олар сақтау қоймасы үшін инкассаторлық қаптарға салынды. Барлығы 770 қап немесе 20 тонна ескі кеңес ақшасы тәркіленді», – деп баяндады банкир. Жомарт Қажрахимов сонымен қатарҰлттық банк қызметкерлері ешқандай қиындыққа қарамастан жұмыстарын ынта-жігерімен атқарғандығын айтты.
«Теңгені қолданысқа енгізу – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі және бүгін еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін теңгенің тарихи маңызына баға бере аламыз. Ұлттық валюта қолданысының алғашқы күнінен бастап өзінің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету, яғни төмен инфляцияны және тұрақты айырбас бағамын қамтамасыз ету міндеті қойылды», – деді Жомарт Қажрахимов. Aaron Lynch Jersey