Жерорта теңізі мигранттарды жұтып жатыр

468

Ливия астанасында әрекет ететін Қызыл жарты ай ұйымының құтқарушылары Жерорта теңізінен 11 мигранттың мәйтін алып шықты, деп хабарлайды Хабар 24  телеарнасы.

Марқұмдар резеңке қайықпен Ливияға жағалауына жетіп, одан әрі Еуропаға өтуді көздеген. Алайда босқындар үшін Жерорта теңізін жүзіп өту өте қауіпті сапар болып тұр. Биыл осы жолда 4636 адам мерт болған. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1000 адамға артық. «Бізге Жерорта теңізінде 16 босқынның жансыз денесі қалқып жүргені туралы ақпарат түсті. Жедел іздестіру жұмыстарының барысында 11 мәйіт табылып, Таджура жағалауына жеткіздік. Қалған бесеуін әлі іздестіріп жатырмыз», – дейді «Қызыл Жарты ай» ұйымының құтқарушысы Мұхамед Ахмед.

 DeShawn Shead Womens Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз