Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовке ескерткіш Ресей астанасында соның есімімен аталған саябаққа орнатылады, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.
Мәскеу қалалық думасының тасқа салынған сурет өнері жөніндегі комиссиясының жиналысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлады жергілікті БАҚ.
Мәскеудегі Якиманға ауданында орналасқан саябаққа Ислам Каримовтің есімі биыл қазанда берілді. Осындай шешімді қала мэрі Сергей Собянин Мәскеу үкіметінің отырысында қабылдады.
Саябақ Өзбекстан қонақ үйі мен консулдық бөліміне жақын маңда орналасқан.
«Ескерткіш орнату туралы шешім бірауыздан қабылданды», – деді комиссия төрағасы Игорь Вознесенский.
Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Каримов биыл 2 қыркүйекте 78 жасында миына қан құйылу салдарынан қайтыс болды. Ол өзінің туған қаласы Самарқанда жерленді.
Дереккөз: Nur.kz Aaron Jones Authentic Jersey