Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы ел тарихындағы ерекше дата. Ширек ғасырлық уақыттағы дамуымыз бен өркендеуімізге кім қаншалықты үлес қосып келгені осындайда еленіп, марапатталып жатса ол да жарасымды емес пе!
Өзге саладағы саналуан қиындықтар секілді Тұтынушылар құқығын қорғау бойынша да кездесетін күрделі жұмыстар аз емес. Тұтынушылар құқығын қорғау бағытындағы басты қағида – халық денсаулығының қауыпсіздігін қадағалау. Осы бағыттағы зманауи жетістіктер мен тың ізденістерге көңіл бөлінгенінің арқасында уақыт талабынан шығып келеміз.
Міне, біздің осы және өзгеде еңбегіміздің еленіп, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына орай бір топ әріптестеріміздің марапатталып жатқанына өте қуаныштымыз. ШҚО Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бастығы Ғазез Қинаятұлы желтоқсанның 14 күні Астанада өткен салтанатты мерекеде ҚР ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет басшысы Алиакпар Матишевтың қолынан «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» медалын алып қайтты.
Облыстық департамент басшысы Ғазез Сүлейменов ұжым алдында Астана төрінде өткен салтанатты рәсімнен алған әсерін және комитет басшысы А.Матишевтың қызметкерлерге деген сәлемін жеткізіп мерекелік көңілімізді арттыра түсті. Дәл осындай мерекелік медаль иелері салтанатты түрде марапатталып, әр қызметкердің еңбегіне айрықша тоқталып, баға берілді. Ғазез Қинаятұлы өз сөзінде жалпы комитет бойынша 109 адам мерекелік медальмен, 1 адам «Құрмет» орденімен, 5 адам «Ерен еңбегі үшін» мадальімен, 5адам «Еңбек ардагері» атанған. Осының ішінде 8 медаль, 1 орден Шығыс Қазақстан облысына бұйырған. Сонымен бірге ШҚО комитет бойынша қазіргі шақта бірінші орынды иеленген.
Биылғы жылды қортындылау және Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесі кезінде мекемеміздің республикада көш бастап тұрғаны біздер үшін зор қуаныш. Бұл біздің мекеме басшысының біліктілігі мен ұжымды ұйымдастыра білетін қабілетінің, әріптестердің өз істеріне деген адалдығы мен өзара ынтымағының нәтижесі деп білеміз.
Өз мекемеміздің атынан барша отандастар мен шығыс қазақстандық жерлестерімізді Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, бақытты өмір тілейміз!
ШҚО Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің ұжымы.