12 желтоқсаннан бастап жергілікті полиция қызметкерлері шырша сатушыларды тексеруге кіріскен болатын. Бұл шара айдың соңына дейін жалғасады.
Шыршаны заңсыз кесуге жол жоқ. Кәсіпкерлердің қолында оларды сатуға қажетті барлық құжаттар болуы тиіс. Оның өзі шет мемлекеттерден әкелінсе. Ал Қазақстан аумағында шыршаны кесуге мүлдем тыйым салынған.
Асан Қадыров, Табиғатты қорғау бөлімшесінің аға инспекторы:
-Егер шырша заңсыз кесілген болса, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 340-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Яғни 200 айлық есептік көрсеткіште айыппұл төлейді, не болмаса 60 күндік қамауға алынады. Brice Butler Authentic Jersey