Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам рингке қашан шығатынын айтты.
«Келесі кездесуім АҚШ-та өтеді. Алдағы 10-15 күнде кіммен қарсыласатыным және қай күні өтетіні белгілі болады», – деген dodasport.kz сайтына берген сұхбатында.
Астана қаласындағы ЕХРО көрмесінде жекпе-жек өткізу туралы сұраққа ол: «Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы шақырып, бокс кешінде жұдырықтасу туралы ұсыныс жасады. Мен келістім. Бәрімізге белгілі, халықаралық көрмеге көптеген туристер келеді. Оларға өзіміздің жетістіктерімізді, көз тартар ғимараттарымызды ғана емес, спортымызды да паш етуіміз қажет. Қазір әлемде қазақстандық боксшыларға үлкен сұраныс бар. Ал елімізде чемпион болу үшін тынбай жаттығып жүрген көптеген өрендерімізді білемін. Меніңше, шетелдіктер ЕХРО кезінде бокс кешіне қуана-қуана қатысады», – деп жауап қатты. Garrett Grayson Authentic Jersey