ЖРВИ вирусының таралып жатыр. Қытай мандариндерінің қатысы бар ма?

247

ЖРВИ вирусының таралып жатыр. Қытай мандариндерінің қатысы бар ма?ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіндегілер Қытай мандариндерінен тұмау жұғатыны жайлы қауесетке қатысты түсінік берді.

«Тұмау – тыныс жолдарымен келетін жұқпалы ауру. Онда респираторлық вирустар болады. Инфекция ауру адамнан келеді. Жұқпалы ауру ауа-тамшылы жолмен таралады. Тұмау тағам өнімдерінен жұқпайды. Азық-түлік өнімдері, оның ішінде мандариндер тұмаудың таралуына себеп болмайды. Яғни, мандариндер ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекциялары) мен тұмаудың жұғуына әсер етпейді», – деп түсіндірді комитет өкілдері.

Сондай-ақ, елімізде маусымдық ЖРВИ вирусының таралып жатқаны айтылады. Осы маусымнан бастап Қазақстанда 200 мыңнан аса адамның ЖРВИ вирусы мен тұмаумен ауырғаны тіркелген. ЖРВИ вирусын жұқтырып алғандардың басым бөлігі – 14 жасқа дейінгі балалар.

«Жедел респираторлық-вирустық инфекцияларының таралуын азайту мақсатында елімізде арнайы жұмыстар жүргізіліп жатыр. 1 желтоқсаннан бастап тұмаумен ауырғандарды бақылау қолға алынды. Өңірлердегі зертханалар қажетті материалдармен қамтамасыз етілген», – деді Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіндегілер

Еске сала кетейік, осыған дейін Қытай мандариндерінен тұмау жұғатыны жайлы қауесеттің Қазақстанға да жеткені хабарланған болатын. Таратылып жатқан аудиожазбаларда Қытайдың кішкентай мандариндерінің тұмаудың ауыр түрін тарататыны айтылады. Мұндай мазмұндағы хабарламалар қазақстандықтардың арасында шу шығарып, олар осы аудиожазбаларды бөлісіп жатыр. Сондай-ақ, осыған ұқсас аудиожазбалардың Ресей аумағында да тарап жатқаны белгілі болды.

© Дерек көзі

 Derek Carrier Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз