БАҚСЫ: 2017 жыл саяси қиындықтарға толы болмақ

294

Александр Кулан – Якутиялық бақсы, ақ шамандардың қатарына жатады. Кулан болашақта болатын жағдайларды әруақтарды шақырып, солардан біліп отырады деп хабарлайды philologist.livejournal.com.

Якутилық бақсы Украинадағы дағдарыс пен рубльдің құлдырауын айтқан болатын. Енді бақсы от әруақтарының көмегімен Ресей Федерациясының болашағын көріп, 2017 жылы қандай қиындықтар болатынын, қандай жағдайларға дайындық жүргізу керектігін айтып отыр. «2017 жыл алдынғы жылдарға қарағанда өте ауыр да қиын жыл болмақ. Алайда қиындық қарапайым адамдар арасында емес, саяси жағдайларға қатысты туындайды», ­ деп мәлімдеді Александр Кулан.

2017 жылы Ресейге жүктелген негізгі міндет – әлемдегі болып жатқан дауларды реттеу. Келеңсіз жағдайлар туындаған сәтте тұрақтылық пен сабырлылықты сақтаған жағдайда елде өркендеу болады. «Жағдайымыздың тұрақты болып қалуына баса назар аудару керек. Келер жылда өмір сүру емес, күн көру мәселесі ғана болады. Жаңа жылда байлық, билік, халық мәртебесі сынды қоғамдағы негізгі құндылықтар аяқ астынан өзгеріске ұшырайды», ­ деп хабарлады Якутиялық бақсы.

 

Аударған: Назерке Лабихан

© Дерек көзі

 Martavis Bryant Authentic Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз