Бұл туралы түрік-оғыз тайпаларының шежіресі – «Қорқыт ата» кітабында баяндалған, дейді BAQ.kz.
Кейбір зерттеушілердің еңбегіне сүйенсек, ерте орта ғасырда өмір сүрген көптеген түрік тарихшылары өз шығармаларында доппен ойналатын ұжымдық ойын туралы сан мәрте жазған. Олар оны «тепик» немесе «тепюк», яғни аяқпен тебу деп атаған.
Атап айтсақ, бұл жайында ұлы түрік тарихшысы, түркітанудың негізін қалаған Махмұд Қашғари «Divânu Lügati`t-Türk» («Түрік тілінің сөздігі») атты құнды еңбегінде жазған. «Тепик» ойынының ережесі қазіргі футболдың қағидаларынан аса қатты ерекшелене қоймаған.Тарихшының суреттеуінше, ойыншыларға допты қолмен ұстауға тыйым салынған. Ережені бұзғандарға ескерту жасалған және ойыншылар допты ойын алаңынан шығармауға тырысқан.
«Тарих-и-Тимур» еңбегінде түркілер тепик ойынын Әмір Темір кезінде де ойнағаны туралы баяндалған. Ол замандарда доп қозының терісінен жасалып, іші ауаға толтырылған екен.
Сондай-ақ, Орта Азия түріктерінде де қос команда арасында ойналатын ерекше ойын болғаны белгілі. Команданың құрамына ерлермен қоса әйелдер де кірген. Олар допты аяқпен және баспен ұрып, қарсыласының қақпасына кіргізуге ұмтылған.
Мұнан бөлек, ежелгі түркілер қазіргі поло ойынын да ойнаған. Оны шөген деп атаған. Сонымен қатар көкпар да ежелгі көшпенділерден бүгінге жеткен ойын. Шахмат, тқоғызқұмалақ, хан дойбысы, коньки (мәнерлеп сырғанау) т.б. қатарлы бүгінгі заманға үзілмей жалғасып келе жатқан түркілік ойындар олимпиадалық ойындар қатарына кірген.
Sterling Moore Authentic Jersey