Марат Тәжин президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды

352

Марат Тәжин президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Марат Тәжин президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды

«Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылсын», – делінген мемлекет басшысының Жарлығында.

Сонымен бірге президенттің жарлығымен Бағлан Майлыбаев президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылды.

Марат Мұхамбетқазыұлы Тәжин — әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор.

1960 жылы 8 сәуірде Ақтөбе қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын және С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор.

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды. Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі президенттің көмекшісі — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болды.

Сонымен бірге президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған. 2007 жыл қантардың 11-інде мемлекет басшысының Жарлығымен  Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

2013 жылдың 16 қаңтар күні президент өкімімен Қазақстанның мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.

2014 жылдан бері бүгінге дейін Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып қызмет етті.

© Дереккөзі

 Jamize Olawale Authentic Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз