Д.А. Қонаев жайлы естеліктер (ВИДЕО)

538

Бүгін аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаевтың туған күні. 

[su_video url=»https://www.facebook.com/zheruiyq.kz/videos/1028160480621720/» title=»Д.А.Қонаевтың туған күні – 12 қаңтар» autoplay=»yes»]

Д.А. Қонаев жайлы естеліктер

Дінмұхамед Ахметұлы 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.

Д. Қонаев институтты 1936 жылы тау-кен инженері бойынша бітіріп шыққан. Оқуды аяқтаған соң, 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болды.

1942-1952 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды.

1955-1960 жылдары – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.

1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.

1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.

1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.

1993 жылы 22 тамызда 82-жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды. Obi Melifonwu Authentic Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз