Алтай Сәдуақасұлы Молдияров 30 жылға жуық уақыт Бородулиха ауданында қарапайым қызметтерді атқарып келеді… Қазір Ново Шульба ауылындағы АДА жедел жәрдем мәшинесінің жүргізушісі.
“Өзі өскен Бородулиха өңірінде жетімдік пен жоқшылықтан оқи алмай, мұғалімдік техникумдық біліммен қалғанымен, әкем өте сауатты ұстаз адам еді. Қанды қырғыннан аман келіп, 8 ұл-қызды тәрбиелеп өсірді. Соғыс салған жара өмірден ерте әкеткенімен, өз кәсібіне қатысты әдебиеттерді, баспасөзге шыққан жаңа заң, үкімет қаулыларын қарындашпен астын сыза отырып, бірнеше қайталап оқитын, сақтап қоятын. Бізді: «Өз салаларыңның мықты маманы болыңдар, талмай ізденіңдер, үйреніңдер, білімді, жақсы маман болып, адал еңбек еткен адам ешқашан қатардан қалмайды, қор болмайды» деп тәрбиеледі”, – дейді ағамыз. Мен Шұбартаудың орталығы Баршатас селосындағы С.Киров атындағы мектептен соң, оқуға құлық қоймай, тек қол еңбегіне ден қойдым. Әрі ел құлық қоймайтын, бірақ жұртқа таңсық мамандық түрлерін игеруге тырыстым. Қай салада істесем де, қатарластарымнан оқ бойы озық тұруды мақсұт тұттым. Бұл маған Желтоқсан кесірінен жапа шеккен кезімде өз жемісін берді.
Жұмыстан қулып, артымызға Мәскеулік КГБ түскен соң, Бородулиха ауданның Троицкое аулынан орын таптым. Жергілікті тұрғындардың біріне орыс пешін салып берген кезімде, «Шұбартауда жүріп бұны қайдан білесің,-деп» тұрғылықты жұрт таң қалғаны бар.
Жас атаулы жаңа өмір бастауды, алыстарға шығуды армандамай ма? Алтай да екінші ядорлық сынақ орны атанған Жаңа Жер аралында екі жыл әскери борышын өтеп келген соң, бірде өзіне мүлде бейтаныс ауыл өмірін көргісі келіп, еңбек жолын ауылдан бастауды ойласа, енді бірде бір қиырдағы Алматы да жұмыс істеуге көңілі ауды. Әрі өз өмірін қазіргі Оңтүстік Астанамен байланыстырғысы келді. СМУ-30-да құрылысшы болып, жұмысқа тұрып, еңбегімен елге жағып, құрылысшылардың бригадирі атанды. Ешкімнің еңбек ақысын алаламады. Өз ортасына өте сыйлы болды. Осылайша ағамыздың еңбек жолы жалғаса берді. Сонымен ел басына күн туған кезде келіп жетті.
Желтоқсанның желі, аязы, ызғары
Қанды мұзда талай жүрек сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті қайсар қазақ қыздары.
1986 жылы 16 желтоқсан күні елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, небір қазақтың батырлары өз өмірлерін қиып, қанды шайқастарда қаза тапты. Сол күні Алматы қаласының елім деп еңіреген жұмысшы жастары мен студенттері жаңа басшы Кольбинге қарсылық танытты. Олар Бірінші хатшының қазақстандық емес, басқа жерден келген басшы болғанын қаламады.
Бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламыз Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар: Тәуелсіздік керек! Қазақ елінің өз көсемі сайлансын! деген тілек білдірді. Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен бейбіт шеруге күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігінің талап етіп шеруге шыққан жастарға бұзақылар, ұлтшылдар, нашақорлар деген кінәлар тағылды. Олардың арасында жұмыс орнынан 3 бөлмелі пәтердің кілтін алуға 4 күн ғана қалған СМУ-30 бригадирі біздің Алтай ағамызда бар еді. Былайғы жұрт біле бермейді Бородулиха ауданның жері қара шекпендер келгендерге дейін Керейдің Ақамбет, Аюжелке тәрізді руларына қарайтын. Міне, Аюжелкеден тараған Алтайда өз ата-бабасы мекендеген өңірге Мәскеулік үш әріптің қудалауынан қашып қайыра қайтып келді. Біздің ісімізді ҚазКСР-дің КГБ емес, тікелей Мәскеудің КГБ қолына берді,-дейді ағамыз. Жас жігіт Бородулиха ауданның Троицкое кеңшарына сіңісіп, қашан ол тарағанша сол жерде табан аудармай еңбек етті. Өмір осылай өтті. Алтай ағамыз «Мен қаһарманмын» деп кеуде қаққан жоқ. Қазір Бәйбішесі АДА дәрігері Нұргүл жеңгеміз екеуі ұлдары Арманды өсіріп, Ново Шульба ауылында тату тәтті өмір сүріп жатыр. Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына орай Алтай Сәдуақасұлы облыс әкімі Даниял Ахметовтің грамотасымен және «Желтоқсанға 30 жыл» ескерткіш медалімен марапатталды. Біз осы қуанышымен құттықтап ағамыздың қуанышына ортақтастық.
Еді ағамыздың бейбіт өмірдегі милетшілдігінен мысал келтіре кетейік. Егер сіз жаз кезінде жолыңыз түсіп, Ново Шульба ауылына бара қалсаңыз: онда 40 тарта гүл түрі мен өңірімізде өспейтін жеміс ағаштарын өсірген қазақтың қарапайым азаматының үйіне көзіңіз бірден түсіп, «өзге ұлт өкілінің өсірмейтіні жоқ» деген ойға қалған шағыңызда еңсегей бойлы қазақ азаматын көріп, «қазақ та бұндай шаруаны қатырады екен-ау» деген мақтаныш көңіліңізді көншітеді. Маған орыс көршілерім: «тал түгіл, бақшалық екпейтін Шұбартаудан келіп, бәрін қайдан меңгеріп жүрсің» деп таң қалады. Мен оларға «Ғасыр өмір сүр, ғасыр үйрен» деген орыстың өз мақалымен жауап берем.
Сондай-ақ, ағамыздың РФ қай жерінде Шығыстың суығына көнетін жеміс пен гүлдің тұқымы бар десе, көрші елге барып алып келетін әдеті де бар екен.
Егер сіз қыс кезінде жолыңыз түсіп, Ново Шульба ауылына бара қалсаңыз: онда көзіңізге Комаров көшесінің бойындағы балалардың мәре-сәре болып сырғанап жатқан зәулім сырғанаққа оның жанындағы Аяз ата мен Ақшақардың қардан сомдалған мүсіндеріне көзіңіз түседі. Тағыда сіз «Біздің қазақ осындайды неге жасамайды?!» деген ойға қалсаңыз, оны жасаған тағыда шұбартаулық Алтай Сәдуақасұлы екенін білген шақта, ұлттық мақтаныштан төбеңіз көкке бір елі жетпей қалады.
Қазақ десе, аузы көпіріп, тарихтан сала құлаш мысал келтіріп, өзін милетшіл көрсеткісі келгендер толып жатыр, ал қазақтың өзгеден озатын тұсын іспен көрсетуге келгенде сөзі мен ісі бір жерден шықпай жатады. Міне, осыларға кереғар «қазақ жалқау» деген ұғымды жоққа шығаратын қарағайға қарсы біткен қисық бұтақ та – Алтай ағамыз. Оны өзге ұлт өкілдеріне мойындатып та үлгерді. Міне, осымен сегізінші жыл қатарынан үйінің маңына қар қалашығын салып, ауыл балалары мен келген қонақтарға қыс кезінде қуаныш сыйлап жүр. Біз ақар-шақар болып ойнап жатқан балаларды суретке түсіріп алдық. Сөз реті келген соң: «Бұл идея сізге қалай келді?»,- деп сұрадық. Ұлым Арман бірінші сыныпқа барған соң, үйдің жанынан сабаққа дайындалудан қолы босаған сәтте бойын сергітсін деп сырғанақ жасап бермек болдым. Ақыры құр сырғанақ не болады деп оған қардан түрлі мүсіндерді қоса жасадым. Мен бір күн жұмыста үш күн дем алам ғой. Сол уақытымды сәтімен пайдаланып, сырғанағы бар қар қалашығын жыл сайын жасауды дәстүрге айналдырдым.
Ағамыздың тағы бір қасиеті түрлі музыкалық аспаптарды жинауы. Ол кісінің үйіне кірсеңіз: қасиетті қара домбырадан өзге балалайка, мандолин, баян т.б. көресіз. Міне, қазақтың қайсар рухын бір бойына жиған жан осылайша ұлтымыздың жақсы жағын жарқырата танытып жүр.
Серік Әбілқасымұлы, Бородулиха ауданы. Devon Kennard Authentic Jersey