Құлаған ұшақ елге контрабандалық жүк әкелген

257

Парламент депутаты Өмірбек Текебаев бүгін осылай деп мәлімдеді. Халық қалаулысының сөзінше, «Боинг-747»-ге жанармай құю үшін Манас әуежайына қонудың қажеті жоқ болған. Себебі ол 13 мың шақырымды тоқтамай ұшып өте алады екен.

Құлаған ұшақ елге контрабандалық жүк әкелгенДепутат Үкіметтің шындықты жасырып отырғанын алға тартуда. Апатқа ұшыраған әуе кемесінде ұялы телефон, тоқ шәйнек және өзге де ұсақ техника болған дейді Текебаев. Оның үстіне, «ACT Airlines» компаниясының өкілі депутаттың ресми сұрауына ұшақтың жүк түсіру үшін қонуы тиіс екенін айтыпты. Естеріңізге салсақ, осы дүйсенбіде Гонконгтан шыққан «Боинг-747» ұшағы Манас әуежайының маңындағы саяжайға құлаған болатын Салдарынан, үйлерінде жатқан 34 тұрғын мен 4 экипаж мүшесі қаза тапты. 17 үй толық қираған. Апат себептері енді «қара жәшіктер» тексерілген соң белгілі болмақ.

КТК Tahir Whitehead Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз