Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентінің билік тармақтарын үлестіру мәселелері бойынша үндеуіне қатысты сөз сөйледі, – деп хабарлайды «Жерұйық» тілшісі.
«Мемлекет басшысының билік тармақтарын өз еркімен үлестіруі – әлемдік қауымдастықтың саяси өмірінде сирек кездесетін жағдай. Конституцияға жоспарланған өзгерістерді енгізу арқылы еліміздегі демократиялық процестерді жетілдіре алатынымыз және жалпы, мемлекетіміздің дамуына әсер ететіні айқын болып тұр», – деді Сенат спикері.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның саяси жүйесінің «Мықты Президент, беделді Парламент, есеп беруге міндетті үкімет» базасы негізінде жұмыс істейтінін айтып өтті және Сенат депутаттарының көлемді жұмыс жасап, Қазақстан Президентінің үндеуін насихаттайтынына сенім білдірді. Ryan Grant Authentic Jersey