Сақина сыры

620

Адам болып дүниеге келгеннен кейін отбасын құрып, дүниеге ұрпақ әкелу әркімнің-ақ парызы. Осы ретте, парызды орындаудың алғы шарты ретінде қыз бен жігіт отбасын құруға сөз байласып, некелерін қидырып, қолдарына қасиеті «неке жүзігін» салады.

neldekstop.ru
  Жігіттің үйленгенін, отбасылы екенін, ал қыздың тұрмыс құрғанын әдетте саусағындағы неке жүзігіне қарап аңғарып жатамыз. Бұл өз кезегінде, өзгелердің көз салуынан сақтайды десек артық айтқандық болмас. Екі жас шаңы- рақ көтергеннен кейін бір-біріне неке жүзігін тағу рәсімге айналған. Көптеген жастар жүзікті отбасылық өмірдің нышаны ғана емес, ерлі-зайыптының махаббатын арттырып, араларындағы қарым- қатынасты нығайтады дейді. Сол себептен, неке жүзігінің отбасылы жандар үшін маңызы зор. Неке сақинасының шығу тарихына үңілсек, бұл бұйым ерте за- манда сонау Мысыр елінде пайда болған-мыс. Адамзат тарихында осыдан 5 мың жыл бұрын пайда болған алғашқы неке жүзіктері бүгінгідей алтыннан жасалмаған. Египеттіктер оларды Ніл өзенінің жағалауында өсетін қамыстардан дайындаған көрінеді. Уақыт өте бұл үрдіс мүлде өзгеріп, жүзіктер түрлі тастардан әзірлене бастады. Бүгінде қалтаңыздың қалыңдығына қарай зергерлік дүкендерден көңіліңіз қалаған неке жүзігін сатып ала аласыз. Соңғы уақытта саусағына неке жүзігін тақпайтын жастарды жиі кездестіреміз. Бұл жағ- дай әсіресе, ер азаматтардың арасында жиі кездеседі. Бірі саусағына ыңғайсыз екенін айтса, екіншісі діни ұстанымдармен байланыстырады. Бұл турасында, дінтанушы – ұстаз Арман Қуанышбаев былай дейді: «Әр амал біздің шариғатымызда аталуымен емес, оның орындалуымен маңызды. Неке жүзігінің тарихы сонау Мысыр елінде пайда болғанымен, ол барша жер бетіндегі халыққа ортақ. Сақина ең әуелі, адамдардың отбасылы екендігінен хабар береді, екіншіден, зинадан сақтайды. Сондықтан, Ислам дінінде неке жүзігін тағуға еш қарсылық жоқ». Ер адамға алтын тағуға болмайтындығы жайлы немесе зияны туралы естігеніңіз бар ма? Имамдардың сөзіне сүйенсек, алтын жүзік ер адамға – харам. Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.а.у) көптеген асыл хадистерінде айтып өткен. Ал тыйымның астарында жатқан хикметтерге тоқталар болсақ, медициналық тұрғыдан келгенде алтын ер кісілердің еркекке тән гормондық тепе-теңдігін бұзатын көрінеді. Бұл өз кезегінде, ұрпақсыздыққа әкеліп соғуы мүмкін. Еуропалықтар жас босанған ананың саусағында міндетті түрде неке сақинасы болуы тиіс деп ырымдаған. Олардың түсінігінше, сақина қиналмай босануға көмектесетін көрінеді. Ал, Скандинавия елінің ырымына назар аударсақ, жарынан немесе күйеуінен айырылған жан қырық күн бойы саусағынан неке жүзігін алмауы тиіс. Олай болмаған жағдайда, марқұм көңілден кетеді, ұмыт болады, ал ұмыт болса марқұмның рухы, аруағы қайта оралып келіп, ұйқыға кеткен жолдасын (әйелін немесе күйеуін) сақинаны тақпағаны үшін қинайды деп сенеді. Жалпы, неке жүзігіне байланысты әр елдің әдет-ғұрыптары, ырымдары бар. Неке жүзігінің көзсіз және кедір-бұдырсыз болатынын бәріміз білеміз. Ол – жас жұбайлардың кедергісіз өмір сүрсін, бақыттары сол сақинаның дөңгелегіндей шексіз болсын деген ырым.

P.S. Бүгінгінің жігіттері некелері қиылмай жатып-ақ, сүйіктісінің қолына жүзік салып қоюды әдетке айналдырған. Десе де, үйлену туралы ұсыныс жасалған кезде тағылатын жүзік пен неке сақинасының орны мүлде бөлек. Жоғарыда айтып өткендей, неке жүзігі жанұя бірлігін сақтап қалады және өзгелердің көз салуынан қорғайды десек, отбасылы жандардың оны тағып жүргені абзал.

НЕКЕЛЕСКЕН КҮНДІ ЕСТЕН ШЫҒАРМАЙТЫН САҚИНА

Көптеген жұбайлар некелесіп қосылғаннан кейін өміріндегі қызықты күндерді ұмыт қалдырып жатады. Сөйтіп, өздерінің некелескен күндерін де естен шығарып алатын кездері жиі кездеседі. Технологияның қарыштап дамыған заманында осы олқылықтардың орны толтырылуда. Осыдан біраз жыл бұрын некелескен күнді естен шығармайтын сақи- наның идеясы пайда болған болатын. Бүгінде сол идея жүзеге асқан көрінеді. Ерекше сақина – қарапайым неке сақинасы сияқты, бірақ онда термобатарея мен микрочип орнатылған. Микрочипта некелескен күн туралы ақпарат сақталады. Айтулы дата жақындаған кезде сақина саусақтарға жылу бере бастайды екен. Оны байқамай қалу мүмкін емес. Себебі, ол сағат сайын температурасы Фаренгейт шкаласы (Цельси шкаласы бойынша шамамен 48 градус) бойынша 120 градусқа жеткенше жылуды қыздыра түседі. Сақина қуат көзін алуды немесе батарея салуды қажет етпейді. «Біздің бұйым қолдағы жылуды термобатареяны қуаттап тұратын электроэнергияға айналдырады. Сөйтіп, сіздің сақинаңыз үнемі жұмыс істеп тұрады» дейді осы бұйымды әзірлеушілер. Мұндай сақинаға тапсырыс берер кезде өзіңізге жақын жандармен байланысты даталарды зергерге айтуыңызға болады. Сақинаны әзірлеушілер айтулы күндерді микрочипке енгізіп береді екен

Айдана МАҒЖАН,

Семей қаласы

 Duke Dawson Authentic Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз