Билік басындағылардың өз ұлтынан жеріген өзін-өзі менсінбейтін құлдық психологиясын «Көшпенділерден» де көрдік. Киноның тағдырын сол актерлар шешетіндей, қазақтың тарихи фильміне шетелдің қайдағы бір боевиктарын әкеліп тықты. Әлгі бір жерінде зынданда жатқан Абылайдай даңқты тұлғаны жас баламен шыбықтастырып қоятын тұсы ұнамады. Бабаларымыздың батыр, мәрт, бекзат болмысын америкалықтардың ойнақы мінезі басып кеткен де (ханның сабырлы, салиқалы мінезі жоқ) Абылайдай арысымыз америкалық біреу сияқты болып шыға келген. Қытайлар осының бәрін білгеннен кейін тарихи киноларына қазақтарды тартып жатыр. Өйткені өздері атқа да шоқаңдап отыра алмайды. Қазақ секілді қаққан қазықтай болып отыру қайдаааа оларға!
Жолымбет Мәкіштің ФБ парақшасынан
Jason McCourty Womens Jersey