Елбасы Эмомали Рахмонды Астанаға шақырды

230

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонды Астанада өтетін саммитке шақырды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Асловпен кездесті.

«Қазақстан Елшісі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның атына 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Астана қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы ұйымының Білім және технологиялар жөніндегі бірінші саммитіне қатысу үшін шақыруын табыс етті. Э. Рахмонның жұмыс кестесі Саммитке жеке қатысуға мүмкіндік беретіндігіне үміт білдірді», — деп жазылған хабарламада. Patrick Omameh Authentic Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз