ҮШ ӘРІПТЕ несі бар?

321

Семей қаласындағы Қайым Мұхамедхановтың ескерткішіне белгісіз біреулер қастандық жасап, металмен бедерленіп жазылған ағартушы есімінің соңғы үш әріпін ұрлап кетіпті. Үш әріпінен айырылып, «Қайым Мұхамедха» болып қалған өр тұлға бұл жүгенсіздікке жүнжімесі анық. Бірақ, маған тас мүсін сол сәтте құмға айналып, мүжіліп бара жатқандай көрінді…

Фото Ерзата Жетибаева.

Фото Ерзата Жетибаева.

Фото Ерзата Жетибаева.

Есімі Шәкәрім, Абай, Мұхтардан кейін атауға лайық деп табылатын Қайым Мұхамедхановтай тұлғаға арналған ескерткіш қаламыздың қақ ортасынан, Абай атындағы кітапхананың оң жақ бүйірінен қасқая руханият сәулесін шашып тұрғанына жеті жылдың жүзі болған екен. 2010 жылы қазан айында бой көтерген бұл ескерткіштің мәні өте зор.

Жетпіс жылдық желкеден басқан ауыр күндер артта қалғаны қашан. Арыстарымыздың атын ашық айтып, есімін тасқа қашап, тұлғасын тұғырына қондырған «шіркін» заманымыз келгелі еңсемізді тіктеп, етек-жеңімізді жинадық. Шүкір! Туғанына 100 жылдық мерейтойы да Республика көлемінде атап өтілді.

Жә, «үш әріптің» үшін шығаруды құзырлы орындар қолға алар. Орынын толтыруға да тапсырма берілер.

Бірақ, қолды болған Қайым ескерткішінің үш әріпі кімге, не үшін керек болды екен?..

Жұмабек Айқын,

«Жерұйық» порталы

 Brandon Coleman Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз