Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы туралы не айтасыз?
Доктор Gerd Bunzel: Мен Абайдың, Шәкәрімнің, Мұхтардың кім екенін бұдан бұрын жетік білмедім. Музейді аралап жүріп, көптеген құнды құжаттарды, ақынның өміріне байланысты толыққанды деректерді көрдім. Сол арқылы Абайдың шығармашылығымен жақынырақ таныстым. Күллі қазақ әдебиетіне зор үлес қосқанын сездім.
Мұражайдан қандай әсер алдыңыз?
Доктор Gerd Bunzel: Өте керемет! Сіздердің мұражайларыңызға қайран қалдым. Қазақ әдебиетін Абайсыз елестету мүмкін емес екен. Германияда осындай мұражайлар көп. Музейлеріңіздің ауқымы үлкен болғаны көңілге нұр төгеді. Шағын болса, үйлеспеуші еді. Үлкен адамның музейі үлкен болғаны дұрыс.
Болашақта Абайдың өлеңдерін оқисыз ба?
Доктор Gerd Bunzel: Абайдың неміс тіліндегі өлеңдерін оқығым келеді. Германияға барғанда міндетті түрде Абайдың кітабын іздеп тауып, оқуға тырысамын. Әлеуметтік желіден де қарастырамын. Біздің елде де классикалық жазба ақындар бар. Олар: Гете, Шиллер, Куфиланд, Клаусгорд. Абайдың Гетеден аударған өлеңдерін осы мұражайдан көрдім.
Абай мұражайына айтарыңыз…
Доктор Gerd Bunzel: Кітаптан оқығанша, бір рет көзбен көрген жақсы. Абай мұражайы тұғырынан түспей, биіктерден көріне берсін дегім келеді.
Сұхбаттасқан: Біржан Ахмер,
Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінің ғылыми қызметкері. Justin Reid Jersey