Елорда құрылысында Ерланның да үлесі бар

462

Елорда құрылысында Ерланның да үлесі бар
Алаш жұртының алтын айдарындай Астана азғана жылдардың ішінде тотыдай таранып, тұлпардай жаранып құлпырғанның үстіне құлпырып келеді. Елорда құрылысының қарқыны алыс-жақын елдердің талайын тамсантып, өзінің лайықты бағасын алып жатыр. Аз жылда алуан құрылыстардың жүзеге асуына жүздеген шетелдік және отандық компаниялар зор белсенділік танытты. Соның бірі «ГЕНэнергохолдинг» ЖШС. 2005 жылдан бері құрылыс, жылу, энергетика шаруашылығымен шұғылданып келе жатқан серіктестік электр желілерін орнатуда үлкен тапсырыстарды мінсіз атқарды. Атап айтқанда, Илинка ықшам ауданындағы бүкіл электр желілерінің және Астанадағы Шәкерім, Бөгенбай, Тілендиев, Мирзоян көшелерінің электрлік  құрылыстарын түгелдей осы «ГЕНэнергохолдинг» компаниясы жабдықтаған. Оның сыртында бірнеше подстанциялар салып шыққан. Жоғарыда аталған мекендер мен көшелердің самаладай жарқырап тұрған шамдары осы холдингтің ерен еңбегі.

Елорда құрылысында Ерланның да үлесі бар
Жалпы, «ГЕНэнергохолдинг» ЖШС Бас директоры Ерлан Серғазиннің өз басын Астана құрылысына өзіндік үлес қосқан маман деуге толық негіз бар. Ол осы компанияны жасақтамас бұрын да жергілікті әкімдік мекемелерінің құрылыс бөлімдерін басқарып, жүздеген ғимараттардың салынуын бастан-аяқ қадалаған. Мысалы, 2001-2005 жылдары «Астана қаласын дамыту бағдарламасын әкімшіліктендіру жөніндегі Департамент» Елорда құрылысын ұйымдастырумен тікелей шұғылданды. Бұл Департамент сол кезде 200 дей нысанға бақылау жасаған. Сол жылдары департамент директоры Ережепов Бірлік Бекмұрзаұлы құрылыс және электрмен жабдықтау саласын бірнеше кандидатура ішінен Ерлан Ғазизұлына сеніп тапсырған. Кәсіби энергетик ретінде Ерлан Серғазин сенім артқан басшылардың ешқайсына сөз келтірмей өз еншісіндегі шаруашылықты ұршықтай үйіріп әкеткен. «Басшылар» деп отырғанымыз, Ерлан сол жылдары Әділбек Жақсыбеков, Өмірзақ Шүкейев, Асқар Мәмин сынды мемлекеттік тұлғалармен қызметтес болған. Өз ісінің шебер ұйымдастырушысы ретінде мойындалған ол жаңағы тұлғалармен күні бүгінге дейін түзу аман-сәлем үстінде. Сол бір шақтарға көз салған сәтте Ерлан Серғазин өзге де қайраткер, іскер азаматтармен қызметтес болғанын ғана емес, «Бәйтерек» секілді Елорданың бірқатар еңселі құрылыстарының қайнаған ортасында болғанын ілтипатпен еске алады.

Елорда құрылысында Ерланның да үлесі бар

Ашылғанына биыл 12 жыл толып отырған «ГЕНэнергохолдинг» ЖШС нің атқарған жұмыстарын түгендесек біраз жерге баратыныз анық. Серіктесіктің қандай ауқымда қызмет атқарып келе жатқанын оның кей жылдардағы жұмысшы саны 500, мамандар қатары 200 ге шығып кететіндігінен де байқауға болар. Яғни, энергетика-құрылыс бағытындағы кез келген көлемдегі тапсырыстарды орындауға дайын әрі нарықтық бәсекеде әбден шыңдалған компания екенін көреміз.

Негізі, бұл компанияның ашылуының да өзіндік тарихы бар. «Ерді намыс өлтіреді» дегендей, намыс шіркін талай жерде тәуекел жасатып жатады ғой. Жоғарыда аталған Департамент ыдырап, бірнеше басқармаға бөлінген кезде Ерлан Ғазизұлына құрылыс басқармасын басқару жүктеледі. Сол кезде әкімшіліктің тапсырыстарына қазақ азаматтарының мүлде қатыстпай жататындығы оның көңіліне келе бастайды. Тіпті, тендрге құнығып алған әлдекімдер техникалық дайындықтың бәрін қағаз жүзінде қатырып, артынан біздің бауырларды жалдап жататыны намысына тиген. Біздің қазақ азаматтары неге оларға жол ортада жем болуы керек деген мақсатпен ойлана келе осы компанияны ашуға бел буады. Бірер азаматтың басын біріктіріп, жолын көрсетіп, інісі Нұрланды Бас директор етіп компанияны ашып кеп жібереді. Құрылысы қайнап жатқан Астана алаңына араласып кеткен жаңа серіктестік тез өріс алып, құлаштарын кеңіте түседі. Бауыры Нұрлан да бір шаршап бермейтін, бастаған істі соңына жеткізбей тынбайтын табанды болды. Барлық тапсырыстар талапқа сай, мерзімінде сапалы деңгейде жүзеге асып жатты.

Ілгері басқан қадамды күндейтіндер де қашанда табылып отырған ғой. Серғазиндер серіктестігі де көп ұзамай сөзге іліне бастайды. Айтатындары: «ағасы басқармада отырып алып інісіне тапсырыспен көмектеседі» дегеннің төңірегіндегі пыш-пыш. Інінің ілгері басқан шаруасына кедергі болмайын деген шешімге келген Ерлан Ғазизұлы өз еркімен өтініш жазып мемлекеттік қызметпен хош айтысады. Нұрлан бауырының кәсіптегі көмекшісі ретінде іске кірісіп компанияны екеулеп қолға алып, «ГЕНэнергохолдинг» беделін арттыра түскен. Дегенмен, бұл өмір өкінішсіз болған ба? 12 жылдық тарихы бар компанияны өрістетіп келе жатқан Серғазиндер әулетінде де бір өкініш орын алған еді. Ол осыдан 2 жылдай бұрын Нұрлан Ғазизұлының кенеттен көз жұмғандығы. «Інісі бардың тынысы бар» дегендей, бауырының бақилық болып кеткені Ерлан Ғазизұлының жанын жабырқатып, көңілін құлазытып кетті. Алайда, өзіне үміт артып отырған бүкіл әулет пен компанияның қалың ұжымының сенімін ойлаған кезде қайғыға беріле бермей, қайта қайраттану керек екенін түсінді. Сол үшін белді бекем буып, бұрынғыдан да батыл қадам жасауына тура келді.

Қазіргі таңда «ГЕНэнергохолдинг» компаниясы Астана және оған іргелес өңірлердегі құрылыстарға белсене араласуын бұрынғыдай жалғастырып жатыр. Сонымен бірге, Ерлан Ғазизұлы «Энергосараптама орталығы»  Астана филиалының директоры. Қазақ азаматтары кештеу бетбұрған эенергетика саласын еркін меңгерген, кәсіби маманы атанған Ерлан Ғазизұлының еңбек өрісінің бір парасы осындай.

Елорда құрылысында Ерланның да үлесі бар

Елорда құрылысында Ерланның да үлесі бар

Елорда құрылысында Ерланның да үлесі барНегізі, Ерлан Ғазизұлы энергетика саласының белді өкілі болғанымен ел руханиятына қатысты мәселелерден алыс емес көкіргегі ояу, ұлттық дүниетанымы кең азамат. Оның осындай қырын бағалайтын ақын, жазушылар қатары да аз емес. Солардың ішінде Несіпбек Айтұлы, Тұрсын Жұртбай сынды қазақтың қабырғалы қаламгерлерімен жақын қатынасып, пікір алмасып тұрады. Ерекеңнің зиялы қауымға жақын жүруіне әкесі Ғазиз бен анасы Гүлбарамнан көрген тәрбиенің ықпалы болса керек. Олай болатыны, ата-анасы өнерден құралақан емес, оның үстіне әкесі Ғазиз Серғазин ел ішінде қара өлеңге жүйірік, ақын адам болыпты. Асы әкенің артында қалған бір топ қолжазбасын Ерлан ақын ағаларымен кеңесіп кітап қылып шығарған. 2013 жылы жарық көрген «Өмір белестері» атты Ғазиз Серғазин ақсақалдың туындысына Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы алғысөз жазып, лайықты бағасын беріпті. Өлеңдер, поэмалар мен баллададан тұратын «Өмір белестерінде» өмір де, өнеге де, өсиет те бар екен.

Ұрапққа жұғысты болсын дейміз.

 

Қ.Зекенұлы, журналист.

 

  Sheldon Richardson Authentic Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз