Cу апатынан 97 адам көз жұмған

192

Cу апатынан 97 адам көз жұмған

Перу халқының есін шығарған алапат су тасқыны елдің археологиялық нысандарына қауіп төндіріп тұр. Табиғи апат кесірінен 50 көне ескерткішке нұқсан келтірілген. Айта кеткен жөн, Перу жұртшылығы толастап жауған нөсер соңына ұласқан топан судан зардап шегіп отыр. Соңғы мәлімет бойынша, 97 адам көз жұмған. 10 мың тұрғын үйлерін тастап, арнайы орталықтарды паналап жүр. 200 мың құрылысқа нұқсан келтірілді. Мамандардың айтуынша, табиғи апатқа «Эль-Ниньо» себеп. Бұл құбылыс кесірінен елді осының алдында ғана қуаңшылық жайлаған болатын. Ал синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Олар «нөсер әлі кемі екі апта жауады», – деп отыр.

www.24.kz Keenan Robinson Womens Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз