Қазақстандық автоөнеркәсіп кәсіпорындары 16,4 млрд теңге сомаға 3,4 мыңнан аса автокөлік шығарды,-деп хабарлайды «Жерұйық» порталы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөзіне жүгініп.
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «ҚазАвтоПром» Қазақстанның автомобиль саласының кәсіпорындар одағы 2017 жылғы І тоқсандағы республиканың автоөндірушілер жұмысының қорытындысы туралы хабарлады.
Спикерлердің айтуынша, республика аумағында есептік кезеңнің қорытындысы бойынша 16,4 млрд.теңге сомаға автокөлік құралдардың 3 405 бірлігі (жеңіл, жүк көлігі, автобус және арнайы техниканы қосқанда) шығарылған. Осылайша, отандық автоөндірушілер шығарылым көлемін өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 есеге (839 бірлік) арттырды. Жеңіл автомобильдерді шығару көлемі 3095 бірлік белгісіне жетіп, 7 еседен аса өскен (өткен жылғы 428 бірлікке қарсы). 2017 жылғы қаңтар-наурыз қорытындысы бойынша жүк автомобильдерін шығару (169 бірлік) өткен жылғы 31,6 % көрсеткішінен кеміді. Автобус техникасын өндіру көлемі – 27 бірлік, сол деңгейде сақталған. Жылдың басынан отандық автомобиль зауытын ішкі нарықтағы өтімі өткен жылғы белгіден 25,4 % жоғары болып табылатын 2587 бірлікті құрады. Казавтопром кәсіпорындарының нарықтық үлесі өткен жылдың ұқсас кезеңінде 18,9 % қарсы 31,7 % жетті. Алдын ала деректер бойынша отандық автомобиль зауытын тұтас өткізудің 7 % құраған 204 автокөлік экспорт нарықтарына жіберілген.
«Екі жылдық сатылымның және өндірістің құлдырауынан кейін 2017 жылғы І тоқсанның қорытындысы болжалды позитивті жаңалықтарды алып келді. Қазақстандағы автомобильдерді шығару үшінші ай қатарынан өсуде, сатылымдар екі тоқсан бойы өсім көрсетуде. Бұл ретте жергілікті құрастырудағы автомобильдерге сұраныс жалпы нарықтан аса жылдам қайта қалпына келеді. Егер бір жыл бұрын сатып алушылардың 19 % казавтопромның ұсыныстарын таңдаған болса, бугін елде сатып алынатын әр үшінші автомобиль қазақстандық шығарылымы бар.Сонымен қатар, жылдың басынан «АЗИЯАВТО» зауытымен жүзеге асқан өткізудің 7 % Қытайға экспорттық жеткізуге кетті», – деп хабарлады «КазАвтоПром» Қазақстанның автомобильді саласының өндірістері одағының басқарма төрағасы Олег Алфёров.
Жергілікті құрастырудың автомобильдерінің сараланымындағы басыңқы жайғасымын «АЗИЯ АВТО» АҚ алады – 1914 сатылған автомобиль немесе отандық техниканың жалпы өтімінің 74 %. «СарыарқаАвтоПром» ЖШС 502 бірлік тиелді (сараланымдағы үлесі – 19 %). Бұдан әрі отандық автоөндірушілердің өнімінің өтімі рейтингінде «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (67 бірлік, 3%), «АгромашХолдинг» АҚ (50 бірлік, 2%), СемАЗ» ЖШС (42 бірлік, 2%) және «Hyundai Trans Auto» ЖШС (12 бірлік, 0,5%) орналасты.
2017 жылғы І тоқсанның қорытындысы бойынша қазақстандық құрастырудың аса талап етілген жеңіл авто брендінің рейтингін үлесіне сатудың жартысы келген LADA (1303 бірлік) бастап келеді. Сондай-ақ озық марканың бестігін KIA (379 бірлік), Hyundai (233 бірлік), Chevrolet (189 бірлік) және JAC (148 бірлік) құрады. Отандық кәсіпорындар ұсынған брендтер тізімін Skoda (43 бірлік), Ssang Yong (37 бірлік), Peugeot (16 бірлік), Geely (13 бірлік) және Toyota (3 бірлік) толықтырды.
Жергілікті өндірістің жеңіл модельдерді сатудың бірінші үштігін LADA автомобильдері құрады: Lada 4×4 (599 бірлік), Lada Granta (332 бірлік), Lada Largus (159 бірлік). Төртінші жолды Lada Kalina және Hyundai Tucson бөлісуде (111 бірлік нәтижесімен). Аса танымал модельдердің ТОР-10 JAC S3 (106 бірлік), Chevrolet Cruze (98 бірлік), Hyundai Elantra (89 бірлік), KIA Sorento (80 бірлік), KIA Optima (70 бірлік) және LADA Xray (56 бірлік).
2017 жылғы І тоқсанның қорытындысы бойынша жеңілдік автонесиелер мемлекеттік бағдарламаның аясында 257 автомашина, немесе жергілікті құрастырудағы сатылған жеңіл автомобильдердің жалпы санынан 8,3 % сатылды. Jordy Nelson Womens Jersey