Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бюджетке жеңілдік әкеледі

322

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында  «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ вице-президенті Айдос Көбетов  мәлімдеді.

«Инвесторлармен серіктестікті орнату үшін біз ең бірінші ақпараттандыру саласына баса назар аударамыз. Біздің жоспарлаған жобаларымыз туралы ақпараттар орталықтың сайттарында және жергілікті басқару органдарының интернет ресурстарын да жарияланады. Шетелдік инвесторлар негізгі мәліметтерді сол жерден алады. Сонымен қатар, жобаларға қатысты әртүрлі дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Және де мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің Заңнамасы аясында «бәсекелестік пікірталас» деген жаңа механизм іске қосылған болатын. Ол жергілікті және шетелдік инвесторлармен бірлесе отырып жаңа жобаларды талқылауға мүмкіндік береді. Тағы айта кететін жәйт, МЖӘ жобасы бойынша шоғырландырылған ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету жолымен инвесторлар ортасын кеңірек тарту үшін МЖӘ қазақстандық орталығында «Бірыңғай ақпараттық қоры» іске қосылатын болады. Бұл әлеуетті инвесторлар үшін ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.  Қазіргі таңда 1,5 трлн теңге сомасындағы МЖӘ 354 жобасы  жүзеге асыру мен жоспарлаудың түрлі сатысында тұр. Оның ішінде 335 жобасы аймақтық жоба болып табылады.  Соңғы бір жарым жылда 43 жобасы бойынша 31,1 млрд теңге жалпы сомасында келісім-шарт жасалды. Шетелдік инвесторлардың да қызығушылығы жоғары. Бұндай серіктестік бір жағынан бюджетке де жеңілдік әкеледі»,- деді ол.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бюджетке жеңілдік әкеледі Michael Bennett Authentic Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз