Көлік салығын жылдап төлемей жүргендердің көліктері жаппай тәркіленіп жатыр. Бұл туралы 24.kz сайты хабарлады.
Жеке сот орындаушы Ғабиден Мұсабаевтың айтуынша, елордада борышкерлер саны көбеймесе, азаяр емес.
Ал Астана қаласының Сарыарқа ауданы мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім жетекшісі Нұрлан Төлегеновтің айтуынша, 28 мың борышкердің мемлекетке қарызы бүгінде 700 млн теңгеге жетіп отыр. Дегенмен бұл көрсеткіш өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 7 мың борышкерге және 200 млн теңгеге кем.
Бүгінгі таңда соттың қарауына 3 мың 500 талап-арыз жолданған. Қазір жартысына ғана бұйрық шығып отыр. Ал жыл басынан бері 2,5 мыңға жуық борышкер 771 млн теңгеден астам қарызын өтеген.