Өскеменде төгіліп жатқан техникалық май экологияға қауіп төндіруі мүмкін. Улы сұйықтық 50 шаршы метрге жайылған. Оның өзі 1 жарым метр тереңдікке сіңіп үлгерген. Мамандар сұйықтықтың жерасты суына араласып кете ме деп алаңдаулы. Бүгінде өңір экологтары аумақты зарарсыздандыру жұмыстарына кірісіп кеткен. Облыстық экологиялық департаментінің мамандары химиялық сұйықтық жол жөндейтін мердігер мекеменің қоймасынан аққанын болжап отыр. Болжам расталса, кінәлілер айыппұл төлейді.
Анатолий Филиппов, экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы:
– Бұл экологияға едәуір қауіп төндіреді. Бүгінде Аврора, Пограничная көшелеріне дейін жайылып кеткен улы сұйықтық жерасты сулары арқылы Ертіс, Үлбі өзеніне де ағып келуі мүмкін.