Семей қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Жаздың жүз парағы» атты жоба аясында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара өтті. Іс-шараға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ерекше қамқорлықты қажет ететін балалары және тұрақты кішкентай оқырмандар қатысты.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкері жыл сайын бүкіл әлемде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні ретінде мерекеленетіні туралы ақпарат берді.. Оқырман қауымды кітапхана қабырғасында ұйымдастырылған «Жаздың жүз парағы» атты жобамен таныстырып, бұл жобаның оқу мәдениетін дамытуға бағытталғандығы, балалар мен жастар және қалың жұртшылық арасында ұлттық әдебиетімізге деген қызығушылықты арттырып сондай-ақ, уақытты тиімді пайдаланудағы зор мүмкіндік екендігін атап өтті.
Шараның жалғасында мерекелік кешке қамқорлық танытып, демеушілік көрсетіп, балаларға мереке сыйлауға ат салысқан «Сем-Нан» ЖШС директоры Қасқабаев Мұхаметқали Төлеуханұлы, жеке кәсіпкерлер Шакіртов Серікболсын және Айнур Уәлиеваға мекеме және ата-аналар атынан ризашылығын білдірді.
Мереке барысында танымал ақындардың өлеңдері бойынша дәстүрлі оқу байқауы, қызықты ойындар ұйымдастырылып, белсенділік көрсеткен балаларға ынталандыру сыйлықтарын табысталды. Л.А.Қасымованың жетекшілігімен «Айналайын» ән- студиясының өнерпаздары Алуа Артамбаева, Эльдана Қасқабаева, Есенәлі Сайлауұлы, Балжан Найманғазина әсем әндерімен көпшілік қауымға көтеріңкі көңіл сыйлады.
Оқырман қауымға үздік көркем әдебиет шығармаларын дәріптеу мақсатында «Сиқырлы кітап әлеміне саяхат» атты кітап көрмесі безендіріліп, библиографиялық шолу жасалды.
Мерекелік кештің соңында демеушілердің қолдауымен ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар мен оқырмандарға арналған дастархан жайылды. Аталмыш шарадан қатысушылар үлкен әсер алып, күш қуат пен жарқын эмоцияға бөленіп, жақсы көңіл-күйде тарқасты. Donte Moncrief Jersey