Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ипотеканы кепілсіз қаржыландыратын болды

412

«Құрылыс жинақ банкі» Ақмола облысының Қосшы ауылында Қазақстанда ипотеканы кепілсіз қаржыландыру бойынша пилоттық жобасын іске қосады.

Бұл туралы Банктің Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы өзара ынтымақтастық меморандумына қол қою барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, аталмыш мәселені салушылар қарастырып жатыр.

«Бұл жобаны жүзеге асыра алсақ, Қазақстандағы алғашқы тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорының  кепілдігіне берілетін  ипотеканы кепілсіз  қаржыландыру бойынша  жоба  болады», – деді ол.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда тәуелсіздіктің алғашқы жылдары  210,2 млн шаршы метр тұрғын үй салынған.

«Биылғы жылдың  бірінші  тоқсанында Қазақстанда  баспана алу мен оның құрылысына  берілген қарыз көлемі  65 млрд теңгені құрады,  оның  49 млрд теңгесі ТҚЖБ қаржысы. Біздің өңірде  жыл санап тұрғын үй құрылысының көлемі артуда. Біз тұрғын үй құрылысының көлемін арттыру үшін одан әрі еңбек етуге дайынбыз», – деді Л.Ибрагимова.

Айта кетейік, Ақмола облысының әкімдігі мен «Құрылыс жинақ банкі» АҚ  ароасында меморандум орнатылған  болатын. Trevor Siemian Authentic Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз