3-4 маусым күндері Австрияның Лейбенц қаласында жастар арасында дзюдо күресінен өткен Еуропа Кубогында «Семей» спорт академиясының тәрбиеленушісі Жасұлан Отарбек күміс медальға қол жеткізді.
Халықаралық додада Қазақстан құрамасы жиыны 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медальға ие болып, командалық есепте ІІІ орынға жайғасты. Көш басында Жапония жастары, ал Ресей спортылары жарысты ІІ орынмен аяқтады.
60 келі салмақтағы Жасұлан Отарбек /фотода – сол жақта екінші/ бұған дейін Германияның Бремен қаласында өткен халықаралық «Мастер Бремен» турнирінде қола жүлдегер атанған болатын. Thomas Rawls Womens Jersey