Джеки Чан Астанаға келді

254

Бүгін түнде бүкіл әлемге танымал актер Джеки Чан Астанаға ұшып келді. Оны Астана әкімі Әсет Исекешев пен «Қазақстан» РТРК басшысы Ерлан Қарин бірнеше жанкүйерлермен бірге арнайы қарсы алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Танымал актер ұшақтан қара шляпа мен көзілдірік тағып түсті. Джеки Чанды ұшақтан түсе салысымен суретке түсіріп,  жанкүйерлері актердің құшағын гүл шоқтарымен толтырды.

«Welcome to Kazakhstan», «Нихао», – дәл осындай сөздермен қонақты қарсы алды.

Кейіннен Исекешев Facebook парақшасында былай деп жазды:

«Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы басталды. Джеки Чан  Астанада. Ерлан Қарин respect!»

«Ертең бізде басты іс-шара — Қытай киносының Қазақстандағы ашылуы әлемдік кино жұлдыз Джеки Чанның қатысуымен болады! Тікелей трансляция «Қазақстан» арнасының эфирінде сағат 15.40! Арнайы сіздер үшін Джеки… жақсысы ертең эфирге қосылыңыздар«, – деп жазды Ерлан Карин.

Естеріңізге салсақ, Джеки Чан Астанаға маусымның 7 мен 18 аралығы өтетін Қытай  киносы фестивальінің басты қонағы ретінде келді.

  Devon Kennard Authentic Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз