Еліміздің кейбір аймақтарында жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте екпінді жел соғады, республиканың батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін,
Солтүстік Қазақстан облысының түнде және таңертең – тұман болады.
Павлодар облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 17-22 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі. DJ Chark Authentic Jersey