Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылу рәсімі болып өтті. Көрме қонақтары сфера үстіндегі таңғалдырарлық сәулелер бейнелеген лазерлік шоу мен ерекше от шашуды көрді.
Бұл шоуды 20-ға жуық елдің мемлекет басшылары, шетелдік делегация өкілдері тамашалады.
Айта кетейік, «ЭКСПО» көрмесіне 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысады. Көрме «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған. Астанада ашылған халықаралық мамандандырылған көрме 10-қыркүйекке дейін жалғасады.
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімінен 1200-ге тарта отандық және шетелдік журналист ақпарат таратып, телеарналар тікелей көрсетілім ұйымдастыруда. Сондай-ақ, Қазақстанның барлық облысынан да ат арылтып журналистер келген. Matt Slauson Authentic Jersey