Жезқазғанда зымыран құлап, өрт шыққан (ВИДЕО)

304

Жезқазған маңында зымыран қирандысы құлаған жердегі алапат өрт түсірілген видео пайда болды, – деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі.  Айта кетейік, өртті сөндіру кезінде бір адамның күйік шалып, қаза тапқаны, тағы бір адамның ауыр жағдайда ауруханаға түскені белгілі болды. 

Өрт шалған аумақ 10 мың гектарға жеткен. Қарағанды облыстық ТЖД өкілдері зымыран тасығышы ұшырылған кезде қандай отын түрі қолданылғанын нақтылады.

«Ұшырылған зымыран тасығышы керосин қолданған. Анықтама: «Союз» зымыран тасығышы керосин отынымен ұшады, ал «Протон» зымыран тасығыны гептилмен ұшады», – деп хабарлады облыстық ТЖД өкілдері.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіндегілер қаза тапқан ер адамның Ресейдің өрт сөндіру ұйымының жұмысшысы екенін хабарлаған. «Ол жерде адамдар болған жоқ. Күтпеген жағдай болып, бір адам қаза тапты. Ол өртті сөндіру кезінде қаза тапты. Өрт сөндірілді. Адам өліміне қатысты тергеумен министрлік ресейлік тараппен бірге айналысатын болады. Себебі қаза тапқан жұмысшы Ресейдің өрт сөндіру ұйымының жұмысшысы болып саналады», – деді баспасөз қызметіндегілер. Адам өлімі дерегі бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 14 маусымда кешкі уақытта қолданушылар WhatsApp мессенджері арқылы Жезқазған маңындағы Талап ауылына зымыран құлағаны туралы хабар тарай бастады. Хабарламада қирандыда гептил (адам өміріне өте қауіпті химиялық улы зат) бар делінді. Ауыл тұрғындарына есік пен терезелерді жабу керектігі және балаларды көшеге шығармау туралы ескерту жасалды. Алайда кейін ҚР ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов қирандыда гептил жоқ екенін және мұның нақты мәлімет екенін мәлімдеген еді.

Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады! 

https://youtu.be/elmIn4oEoos

https://youtu.be/UPt2lxYiINM

  Andre Smith Womens Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз