Астанада «ақылды» аялдамалар қызмет жасай бастады

407

Астанада «ақылды» аялдамалар қызмет жасай бастады

Астанада эксперимент ретінде қалалық электр желілерін жеңілдетуге бағытталған күн батареялары орнатылған аялдамалар пайда болды, деп хабарлайды zheruiyq.kz.

Қазақстан астанасында электр қуатын үнемдеуге септігін тигізетін аялдамалар жұмыс істейді. Аялдамалардың төбесіне орнатылған күн батареялары күндізгі жарықты жинайды. Соның көмегімен аялдама өзін-өзі жарықтандырады. Қондырғы күніне 800 ватт жинақтайды.

Мамандар қытымыр аяздарда да аялдамалар ішкі ресурстардың көмегімен жылынатынын айтады.

 

Қазіргі уақытта қала ішінде осындай 5 аялдама орнатылды. Олар «Керуен сити» СОСО (бұрынғы «Мега»), «Ханшатыр», «Азия парк» және ана мен бала орталығында қойылды.

Энергетика басқармасы жыл соңына дейін «ақылды» аялдамалар саны көбейетінін айтады. Keith McGill Authentic Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз