Ғалымдар «Марстағы өмір» тәжірибесін өткізуде

346

АҚШ-та НАСА қаржыландыруымен «Марстағы өмір» тәжірибесі өтіп жатыр. 6 адамнан тұратын ғалымдар тобы 4 ай бойы Гавайи аралдарындағы жанартау жанында оқшауланған күмбездің ішінде өмір сүруде.

Алда тағы 4 айлық зерттеу жұмыстары күтіп тұр. Мұндағы өмір сүру жағдайы Қызыл ғаламшардікіне ұқсас. Төңіректе өсімдіктер жоқ. Ғалымдар күмбез сыртында скафандрмен жүреді. Командалық бекетпен байланыс 20 минуттық кідіріспен орнатылады. Өйткені радиотолқындар Марс пен Жердің арасындағы қашықтықты дәл осыншама уақытта еңсереді екен.

Негізі бұл – Гавайи университетінің арнайы жобасы. Осымен бесінші рет жүргізіліп отыр. Басты мақсат – Қызыл ғаламшарға ұзақ экспедиция кезінде адамдардың мінез-құлқы мен команда мүшелерінің өзара қарым-қатынасын зерттеу. Бұл туралы 24-арна хабарлады.

  E.J. Gaines Womens Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз