«Казкоммерцбанк» АҚ акционерлері кезектен тыс жиналысында басқару органының жаңа мүшелері сайланды.
Банк акционерлері сондай-ақ ҚКБ Директорлар кеңесінің жаңа мүшелері сыйақысының мөлшері мен төлемнің шарттарын қарастырып бекітті», – делінген хабарламада.
Сонымен қоса, акционерлер ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына сәйкес «Казкоммерцбанк» Директорлар кеңесінің төрағасы Кеңес Рақышев, Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары, тәуелсіз директор Серік Ахановтың, Марк Хольцманның, тәуелсіз директор Рашит Махаттың, акционердің өкілі Нұрлан Әбдуовтің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.
«Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамына үш жылдық мерзімге алты тұлға сайланды.
Қаржылық ұйым таратқан ақпаратқа сәйкес, Директорлар кеңесінің құрамын бекіту туралы өзге де ұсыныстардың болмауы назарға алынып, ірі акционердің ұсынысы бойынша Вокурка Ульф, Асқар Раушанұлы Елемесов, Азамат Мырзаданұлы Жолдасбеков, Арман Ғалиасқарұлы Дунаев, Әлия Сәкенқызы Қарпықова, Сәуле Бахыткерейқызы Кішкімбаева «Казкоммерцбанк» АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшелері болып сайланды.
«Солардың ішінде Асқар Елемесов, Азамат Жолдасбеков және Арман Дунаев Қазкоммерцбанктің басқару органына тәуелсіз директорлар ретінде, ал Әлия Қарпықова «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-ы акционерінің өкілі ретінде сайланды.
Тасмағамбетовтің күйеубаласы Қазком басқармасының төрағасы қызметінен босатылды