Жексенбі, Қыркүйек 16, 2018
Негізгі > Спорт > Геннадий Головкин туралы сіз білмейтін қызықты деректер

Геннадий Головкин туралы сіз білмейтін қызықты деректер

Былтыр қыркүйекте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль Альварес кездесу өткізіп, есеп тең аяқталған еді. Биыл екі боксшы тағы да кездесу өткізеді. Жекпе-жек мамырдың 5 жұлдызына жоспарланып отыр, деп жазады Sports.kz сайты.

Былтырғы жекпе-жекте екі боксшының ұпай сандары тең түскенде жанкүйерлер наразылық білдірген еді. Көбі жеңіс Головкиндікі деді. Мамырда өтетін кездесу осы өкпе-назға нүкте қояры сөзсіз. Әзірге Геннадий Головкин туралы сіз естімеген қызықты деректерді оқи отырыңыздар:

– Геннадий Головкин мультфильмдерді қатты жақсы көреді. Оның балалық шағы кеңестік дәуірде өткендіктен сол кезеңдегі анимациялық фильмдерді ұнатады.

– Гена бокстан бұрын футбол, тенниспен шұғылданған. 10 жасында өзінен 15 минуттан кейін туылған егізі Максиммен бокс залына келіп, жаттыға бастаған. Алғашқы кездесуін 11 жасында өткізіп, жеңіліп қалған. Ал егізі Максим –  Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

– Осы уақытқа дейін кумирі болмаған. Тіпті, Генаның бокста да кумирі жоқ. Оның ойынша адамның кумирі болмағаны әрі өзі де біреуге кумир болмағаны абзал.

–  GGG өмірдегі ең бақытты күнін сегізінші сәуір деп есептейді. Бұл күні Геннадий Головкин өмірге келген.

– Астана қаласында жекпе-жек өткізу Генаның арманы.

– Геннадий Головкин отбасымен Лос-Анджелесте  тұрады. Ал Қазақстанда оның туыстары мен ата-анасы тұрады. Геннадий Головкин 2012 жылы отбасымен Германияда тұрғандықтан ағылшын тілінен бөлек, неміс тілін де жақсы меңгерген.

– Генаның жұбайы Алина ешқашан күйеуінің жекпе-жегін тамашаламаған. Алина мен Геннадийдің Вадим есімді ұлы бар.

– Геннадий Головкий “Нұр Отан” партиясының депутаты.

– “Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, менен көбісі ұлтым туралы сұрайды. Сонда мен “Әкем – орыс, анам – кәріс, мен – қазақпын” деймін” деген Генаның сөзі қоғамды танымал тіркеске айналды.

– Геннадий туралы америкалық тележурналист “Оның түріне қарасаң періште сияқты, бірақ бәрін өлтіруі мүмкін” деген пікір білдірді.

 

today.kz

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation