Дүйсенбі, Тамыз 20, 2018
Негізгі > Бас баған > Бүгін ажал аждаһасының ауыздықталған күні

Бүгін ажал аждаһасының ауыздықталған күні

29 тамыз – халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні. 1991 жылы осы күні Семей полигоны жабылды. Сол кезден бері қазақ елінің жойқын қарудан бас тартқанына ширек ғасырдан асты. БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша 29 тамыз халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күн болып бекітілді. Қазақстанның әлем жұртшылығы алдында жасаған батыл да беделді бастамасы алпауыт ұйым тарапынан қолдау тапқан. Сондықтан қалың Алаш ғана емес, жаһан жұртшылығы болып, бұл датаны ажал аждаһасының ауыздықталған күні ретінде ерекше құрметтейді. Осылайша Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы кірпіші қаланған күннен бастап, бейбітсүйгіштігін әлемге паш етті. Жойқын қарудан ерікті түрде бас тартып, бейбіт даму жолын таңдап алды.  Тарихи деректерге сүйенсек, Семей атом полигонында 1949 жылдан жабылғанға дейін шамамен 468 жерүсті және жерасты жарылыстары жасалған.

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation