NASA мамандары адамзатқа қатер аспаннан емес жерден келетіндігін хабарлады. Олардың айтуынша, жер ғаламшарындағы тіршіліктің жойылып кетуіне алып астероидтың құлауы емес супержанартаудың атқылауы себеп болуы мүмкін екен.
Сарапшылардың пікірінше, қазіргі таңда жер бетінде мұндай супержанартаулардың жиырмадан астам түрі бар. Олар кез келген уақытта оянып, атқылай бастауы мүмкін екен. Ал мұның соңы орны толмас апатқа алып келеді.
Атқылаған жанартаулардан көтерілген күл мен тозаң ұзақ уақыт бойы күннің көзін көлегейлеп, жердің беткі қабатындағы өсімдіктер дүниесін жойып жібереді. Салдарынан миллиондаған адамдар қаза болуы мүмкін.