Жұма, Тамыз 24, 2018
Негізгі > ○ Блогер жазбалары > Жамбыл Артықбаев. Кенесары туралы әңгіме

Жамбыл Артықбаев. Кенесары туралы әңгіме

J

Жамбыл Артықбаев. Кенесары туралы әңгіме

Рухани жаңғыру тақырыбы біздің қоғамға үлкен қозғау, жігер беретін қайнар көз десек болады. Осы жұмыстың бір парасы өлкентану жұмыстарының жандаумен байланысты. Бұрын бұйығы жатқан тың аймағындағы шалақазақ ауылдардың өзінде де әулие жерлерін, ескерткіштерін іздестірген қозғалыс байқалады. Осы тұрғыдан бізге 2017 жылдың 12 қазанында Қостанай қаласында өткен «Өлкентану- кіші Отан кеңістігінде отансүйгіштіктің рухани негіздерін тәрбиелеу факторы» деген халықаралық форумның алға қойған жұмыс бағыттары ұнады. Мәселен осы форум аясында «Тарихи және мұражайлық өлкетану- ұлттық сәйкестіктің тірегі» деген дөңгелек үстел өткізілді. Әрине, форумда жоспарланған жұмыстарды атқаруға үлкен дайындық, жергілікті мамандар жетіспейді. Бұл жұмыс болашақта іске асады деген үміттеміз.

Форум жұмысына қатыса отырып осы Қостанай жерінде де тарихтың талай алтын көмбесі бар-ау деп ойландым. Басқаны айтпағанда «Қостанай» атауының өзі де тарих емес пе ? Қостанай- меніңше Қос тана, яғни Қос өзен сөзіне сәйкес болса керек, ежелгі саһа – скиф (дұрысы скуз- ишгуз) – заманынан қалған жәдігерлік. Жітіқара аталып жүрген өңірдің тарихы да зерттеуге сұранып тұр. Біреулер Жетіқара да емес, Жітіқара да емес, Жетіп қара деп дауласып жүр. Осы даудың да соңғы нүктесін де өлкетнаушылар қойғаны дұрыс.

Жетіқарадан әрі барсаңыз атақты Арқайым, яғни Күн қалалар ! Ойыма 1844 жылғы Кенесары ханның Арқайым бағытындағы жойқын жорығы келеді. Бұл кез орыстың Жаңа шепке келіп орнығып жатқан кезі, миллиондаған десятина шұрайлы жер қазақ қолынан кетіп барады. Қазақтың соңғы ханы Кенесары Ырғыздың бойында шабуыл туын көтерді, «жер мемлекеттің негізі, оны қалай жауға көзіңді қиып бересің, сары қазан, жас баланың қамы үшін бәрі құрбан» ! Орынбор шекара комиссиясының патша үкметіне берген есебінен үзінді келтірейік: «Кенесары…распорядился аулы свои, находившиеся на Иргизе, между речек Талдык и Чит-Иргиз, для безопасности перевести на западный скат Мугоджарских гор, к вершинам Эмбы. А сам налегке, о двуконь, с шайкой своих приверженцев быстро двинулся к Новой линии. По пути она увеличилась приставишими казахами чумекеевского и дюрткаринского родов Средней части… Чтобы отвлечь внимание линейнего начальства и выбрать удобную минуту для исполнения своего замысла, сжечь по линии станицы, Кенесары бросил передовые шайки свои на р.Орь и впадающие в нее речки, а сам потянулся вдоль линии. 10 и 11 августа сделаны были нападения в нескольких пунктах, отстоявших в 20-50 верстах от Орской крепости и в 35 от Императорского укрепления на аулы кочующих там казахов (Кенесарының қорғап келгені де орыстың екі шебінің ортасында қалған осы қазақтар емес пе, яғни орыс шенеуніктері болған оқиғаны бұрмалап тұрғаны анық -Ж.А.). … Об угрозе дано было знать командующему Императорским укреплением и Орскому коменданту. Кроме сего последний предупреждаем был одним торговцем татарином. 11 августа, будучи захвачен шайкой, он был представлен товаром к Кенесаре, находившиемся на реке Кумаке в 20 врестах от Императорского укрепления с шайкой в 1500 человек. Кенесары отпуская его, сказал, что истребит и выжжет всю новую линию, потому что она заселена на земле, принадлежащей азиатам». Тамыздың 14-і күні Кенесары Ресей жаңа иемдене бастаған Оңтүстік Орла аймағына Арқайың бағытында, Екатерининская (Адырлы) станицасы сияқты бірнеше отарлаушы қоныстарға шабуыл жасады және оның жылдам болғандығы соншалық, орыс-казак әскерлерi күшiн жиып та үлгермедi.

Бұл әлі зерттелмеген тақырыпты тек өлкетнаушылардың күшімен игеруге болады. Қостанай жерінде де шежіре деректерін еске сақтаған қариялар бар, онымен шекаралас Ресей өлкесінде де жер-су аттары сол оқиғалар туралы сөйлеп тұр. Жітіқарадан кеденнен өткен соң сіз Сынтас өзенін жағалайтын қара жолға түсесіз. Кенесары жағып жіберген Екатерининская станицасын маңайындағы қазақтар әлі де Күйік қала дейді. Онымен қатарлас Атаманская бекінісінің атаманынын қызы Наурызбай төреге ғашық болған екен дейді. Рас па, қияли әңгіме ме ? Жаңа шепті салғызбаймыз деп аттанған үш қосын қазақ жауынгерліренің бірін Жеке батыр басқарды дейді. Қос тіккен жері осы жер. Одан асқан соң қола дәуірінде пайда болған Арқайым қонысы. Сол жерде ағып жатқан Өтеміс, Қарасу сияқты дала өзендері Кенесары жорығының куәсі екендігі сөзсіз. Тек оларды сөйлете алатын еңбекқор өлкетанушы керек !

www.facebook.com/socantropology/posts/1484746048261344

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation